Page 98 - Сборник эссе
P. 98

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының
            ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш  ететін,  тарих-
            та мәңгі қалатын күн. Біздің жадымыздан ешкім де,
            ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Барды жоқ ететін, тау-
            ды жер ететін сұм соғыс нағыс жер бетіндегі тіршілік
            атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.
                 «Ерсiз  ел  болмайды,  елсiз  ер  болмайды»,-  дейдi
            батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы.
                 ХХ     ғасырдың       алапаты      Кеңес     Одағының
            тарихындағы  Ұлы  Отан  соғысы  1941  жылы  22  мау-
            сымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Герма-
            ния әскері КСРО–ның батыс аймағынан Ленинградты
            қоршады. Германияның КСРО–ны басып алу жоспа-
            ры «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны
            алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс
            Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс бол-
            ды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп
            аталды.  Фашизм-  дүние  жүзіне  үстемдік  орнатуға
            тырысқан  әділетсіздік  топ.  Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес
            Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын
            кезең болды. Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан
            соғысына қатысты.
                 Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандықтар
            қолдарына  қару  алып  бір  кісідей  майданға  атта-
            нып  Отан  анасын  қорғауға  ат  салысты.  Қаншама
            қазақстандықтар  ұрыс  даласында  қаза  тапты.  Жеңіс
            бізге  миллиондаған  адамдардың  төгілген  қанымен
            келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында
            із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы
            қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп
            жатса  да  ол  туралы  ұмыту  мүмкін  емес  деп  ойлай-
            мын.  Жеңіс күнін жақындатуға жол салған Рейхстағқа
            алғаш ту қадаған кім еді десе, біз мақтанышпен біздің
            Рақымжан Қошқарбаев атамыз деп білеміз.
                 Рақымжан  Қошқарбаевтың  Ұлы  Отан  соғысында
            жасаған ерлігі барша халыққа белгілі. Ол алғашқылардың
            бірі  болып,  Берлинде  Рейхстагтың  үстіне  қызыл  ту


                                          97
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103