Page 102 - Сборник эссе
P. 102
мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын
күн.
Биыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл. Елді қан
қақсатып, зарлатып өткен 5 жыл бар адамзаттың
тарихына үлкен орны толмас қасірет әкелді. Соғыс
үлкен кабинеттерде жоспарланып, жүзеге асады. Бар
ауыртпалық қарапайым солдатқа түседі. Қан кешеді.
Өлім құшады. Қыршынынан қиылады. Зәуде тірі қалса,
санасына соғыс салған жара өмір бойы сыздап, жа-
нын жегідей жейді. Генералдар, қолбасшылар, шолақ
белсенділер, бұйрық берушілер, саяси жетекшілер, тағы
басқа толып жатқан қан майданның ортасына барып
көрмегендердің естеліктері отаншылдыққа, жалынды
сөздерге, жеңіске жеткізген түрлі іс-қимылдарға толы
болады. Ал қатардағы солдат көрген соғыс мүлдем басқа.
Ресейдің өнертанушы академигі Николай Никулиннің
1975 жылы жазып, 30 жыл бойы тартпасында жа-
тып барып жарық көрген «Соғыс туралы естеліктер»
кітабы Екінші дүниежүзілік соғыстың шын бейнесін
аша түседі. Соғыстағы жағдай бізге үйретіп, айтып,
сендіріп келгендей емес, мүлде басқаша болғанын
естеліктерді оқыған адам түсінеді. Жалпы, қан май-
даннан оралған солдаттардың ішінде естелік жазғандар
көп емес. Солардың ішінде соғысты солдаттың көзімен
боямасыз баяндаған Никулин естеліктерінің Екінші
дүниежүзілік соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп ұрандап
жүрген бүгінгі ұрпаққа да берер мағлұматы көп-ақ,
9 мамыр қарсаңында Николай Никулиннің «Соғыс
туралы естеліктер» кітабынан үзінді алып ұсынып
отырмын. Кешегі сұрапыл 1418 күн мен түнге созылған
соғыс деген сұмның жермен-жексен болғанына, нұр
шуағын сепкен Жеңіс сөзі әр адамның жүрегіне
ұялағанына 75 жыл толып отыр. 1941-1945 сонау отты
жылдар. Отан үшін сынға түскен кез 1941 жылы 22
маусымда Кеңес мемлекетінің басты шекарасында
сұрапыл соғыс басталды. Бұл суық хабар Қазақстанның
барлық жеріне жетті. Бұл соғыс тарихына Кеңес
101