Page 100 - Сборник эссе
P. 100
ты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін оған Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді. Алматыда Шығыстың
қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке ескерткіш
орнатылды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыздың бірі
біздің жерлесіміз
Қарқаралы ауданы Қызылту елді мекенінің ту-
масы Ноғаев Тиышбай туралы жазғым келеді.Ноғаев
Тиышбай 1924 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Ата-
анасы 1932-1933 жылдары ашаршылықтан қайтыс
болып, Қарқаралы қаласындағы балалар үйінде
тәрбиеленеді. 16 жасында балалар үйінің қарамағынан
шығып, Солтүстік Қазақстанда тұратын ағайының
қолына барады. Онда оқудың жағдайы болмай «Пле-
менной» заводқа аға жұмыскер болып орналасады.
1942жылдың қараша айында армия қатарына алынады.
Қиыр Шығыста әскери міндетін атқарады. 1942жылдың
желтоқсанында соғысқа аттанып, № 272 атқыштар ди-
визиясында қатардағы жауынгер болды. Ол кісі әскери
міндетін атқарған № 272 дивизиясы ІІ дәрежелі Суво-
ров орденімен марапатталады. 1943 жылы 24наурыз-
да Тюмень қаласында госпитальда жатқан. Челябинск
облысында Залатус қаласында 2-ші рет госпитальға
түсіп, 1944жылы емделіп шығып, елге келеді. Кейіннен
Қарағанды қаласына заводқа күзетші болып орналаса-
ды. 1957 жылы Қызылту ауылына көшіп келеді. Ау-
ылда ұста болып еңбек жасайды.Бірнеше жыл ауыл
шаруашылы саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке
шықты. Қарағанды қаласына 1997 жылы көшіп кетті.
Отау құрған жары Бикимова Майраш Ергалиевна да
6 құрсақ көтерген екен. Ұлдары - Аманжол, Аман-
тай, қыздары - Алма, Айман, Сара, Шолпан. Кенже
қызы Шолпан соғыстан кейін өз әкесін ақтық демі
қалғанша күткен екен. Әкесімен бірге бақилық болады.
Бұл Көкпектідегі 2014 жылдың Наурыздың 30 нан 31-
іне қараған түні болды. Қарағанды облысы Көкпекті
су қоймасындағы бөгет бүлініп, сол маңдағы Көкпекті
99