Page 93 - Сборник эссе
P. 93

ды, ол қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман мен
            бейбіт  берекелі  тыныш  өмір.  Ешбір  қыздарымыздың
            күң, ұлдарымыздың құл болғанын,еліміздің өзге ел от-
            арында болғанын ешбір уақытта ешкім қаламады. Сол
            себепті де сұрапыл соғысқа қазақ халқының ержүрек
            батырлары  қатысты.  Олардың  Ұлы  Отан  соғысының
            шешуші       шайқастарында       ерлікпен     соғысуы,     өз
            тұстарында жүрек жұтқан ержүрек адам болғандарын
            дәлелдеді.  Намысшыл  кекшіл  қазақ  батырлары,  жа-
            удан  еш  сескенбей  кеуделерін  оққа  тосты.  Сұрапыл
            соғыс қан майданда жүрген тірі жанға қорқыныш деген
            сезімді ұмыттыруды, іштегі үрейді жеңіп батылдықпен
            әрекет жасауды талап етті. Дәл осы тұста ел үшін жа-
            нын пида еткен қазақ қайсарларын айтпау мүмкін емес.
            Жау тобына жанған ұшағын бағыттап біраз неміс көзін
            жойған Бақтыораз Бейсекбаев, неміс бөлімінің штабына
            басып кіріп  5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген
            Тоқтаров,  жау  танкілерін  жойып,  өз  бөлімшелерін
            қоршаудан  алып  шыққан  Мәлік  Ғабдуллин,  жаудың
            120  танкісі  мен  800  автомашинасының  көзін  жойған
            Ғани Сафиуллин, өзінің жалынға оранған ұшағын жау
            танкілерінің шоғырына құлатып  қаза тапқан жерлесіміз
            Қарағанды өкілі, ұшқыш Нүркен Әбдіров,10-нан астам
            ұшақтарды, көптеген танкілерді,жүздеген фашистердің
            көзін  жойған  Талғат  Бигелдинов,Ұлы  Отан  соғысның
            аты  аңызға  айналған  қаһарманы  Б.Момышұлы,қазақ
            қыздарының  ержүрек  екендігін  дәлелдеген  пулимет-
            шы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, өзінің
            досы  Г.Булатовпен    бірге  Рейхстагқа  жеңіс    туын
            желбіреткен  Рахымжан  Қошқарбаев  ел  жадында
            мәңгі сақталды. Әрине Ұлы Отан соғысына қатысқан
            барлық қандастарымыз есте қалды. Бірақ оның ара-
            сында аттары айтылмай қалған, жазылмай қалған жау
            оғына  түсіп,  өз  қандастарын  қорғау  үшін  жау  оғын
            өз кеуделерімен жауып, ыстық жалынға түсіп  қаза
            тапқандары да бар. Ол батырлар есімі тарих беттерінде
            мәңгі сақталмаса да, ел жадында, жүрек тереңдігінде


                                          92
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98