Page 5 - Сборник эссе
P. 5

Байқауға  сексенге  тарта  жұмыс  түскені  ерек-
            ше  оқиға!  Жастардың  өткенді  ұмытпай,  тарихты
            шығармашылығымен ұлықтай жүргені жақсылық ны-
            шаны!
                 Рухани-шығармашылық              аламан         бәйгенің
            қорытынды кеші еліміздегі карантин жағдайына бай-
            ланысты қашықтықтан өтті. Жүзден жүйрік, мыңнан
            тұлпар  боп  шыққан  жеңімпаздарды  тікелей  эфирде
            марапаттадық. Байқау қорытындысы, жемісті жұмысы
            ретінде үздік деп танылған шығармаларды жинақтап,
            кітап ретінде ұсынып отырмыз. «Бұлақ көрсең көзін
            аш»  деген.  Бұл  байқауда  жұлдыздай  жарқырап
            шыққан  жаңа  есімдердің  талантын  көпшілікке  на-
            сихаттау,  оларға  қолдау  көрсету  облыстық  мәдениет
            басқармасының  және  облыстық  кітапхананың  басты
            міндеті деп білеміз!
                 Шығармашыл тұлғаларға сәт сапар тілеймін!

                                           Еркебұлан ЖҰМАКЕНОВ
                       Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және
                                    құжаттама басқармасының басшысы




























                                          4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10