Page 4 - Сборник эссе
P. 4

АЛҒЫ СӨЗ






                             ЖАҢА ЕСІМДЕРДІҢ
                        ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНҒАН ДОДА



                 Қарағанды  облысының  мәдениет,  архивтер  және
            құжаттама  басқармасы  мен  Н.В.Гоголь  атындағы
            Қарағанды  облыстық  әмбебап-ғылыми  кітапханасы
            ұйымдастырған  «Жеңістің  өшпес  шырағы»  облыстық
            байқауы  Ұлы  Жеңістің  75  жылдығына  орай  қолына
            қалам  ұстаған  дарындардың  басын  қосты!  Байқау
            жоғары деңгейде өтті. Сексенге тарта үміткерлер бабы
            мен  бағын  сынға  салып,  екінші  дүниежүзілік  соғыс,
            қаһармандарымыз,  ардагерлеріміз,  тыл  ардагерлері
            жайлы, Отан, ел мен жер, патриотизм тақырыбында
            жаңа шығармаларын ұсынып, руханият қорына елеулі
            олжа салды.
                 Екінші  дүниежүзілік  соғыста  Жеңіс  туының
            желбіреуіне қазақстандық қаһармандардың үлесі ора-
            сан  зор  болды.  Сол  Жеңіс  туын  Рейхстакқа  тіккен
            Рахымжан  Қошқарбаев  ағамыздың  ерлігінің  өзі  неге
            тұрады?! Бұл жолда қасықтай қанын, бозторғайдай жа-
            нын қиған жерлестеріміз, қаһарман қарағандылықтар
            қаншама!  Етігімен  от  кешіп,  кеудесін  оққа  тосса  да
            есімі  елеусіз  қалған  батырларымыз  әр  әулеттен,
            шаңырақтан  табылады.  Олардың  есімін  жаңғырту  –
            бұл  байқаудың  басты  мақсаттарының  бірі  болатын.
            Ұлы  Жеңіске  арналған  жерлерді,  ескерткіштерді,
            Жеңіс жолында шаһит болған, тылда ерен еңбек еткен
            ардагерлерді  жастар шығармашылығына арқау етуді
            көздедік, және бұл мақсаттарға жеттік деп ойлаймын!

                                          3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9