Page 41 - Сборник эссе
P. 41

Қуанатын күн емес пе, дәл бүгін?
            Мойындаймыз ардагерлер жемісін.
            Желбіреп тұр бейбіт күннің жалауы,
            Желбірейді халқы үшін, елі үшін.


            Рахмет деп оларға бас иейік,
            Ардақтайық, сыйлайық, құрметтейік.
            Оларға арнап жүрек жарды тілек айтып,
            Өлең арнап, ән шырқайық, би билейік.


                                 АҚБАСТАУЫМ

            Ақбастауым - алтын ұям, бесігім,
            Қымбат маған әркез сенің есімің.
            Қонақжайлық бір өзіңе тән ғана,
            Құшағың кең, айқара ашық есігің.

            Қарағанды көмірі мол, туған елім,
            Арайлы Ақбастау менің туған жерім.
            Табиғаты - дертке ем, емге-шипа,
            Шыққан жерім киелі, мұрат – тегім.

            Ақбастаудың суы – мөлдір тауы биік,
            Жазығында шаңдатып шапқан киік.
            Жайқалған жасыл шөбі, сұлу гүлі,
            Тамсанам табиғатына басымды иіп.

            Ақбастаудың гүлдері – ай йісі аңқыған,
            Ағаштары жайқалған жасыл орман.
            Ағынды өзен, тауы асқар, шөбі шүйгін,
            Орманында бұлбұлы сайраған.
            Нөсерлеткен жаңбырың маған қымбат,
            Әсерлеткен желің де маған қымбат.

                                          40
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46