Page 40 - Сборник эссе
P. 40
Жеңіс бірге оңайлықпен жетпеді,
Ал жауымыз аяушылық етпеді.
Жылдар өтіп, соғыс зары біткенмен,
Ызғары оның бастан әлі кетпеді.
Сол жылдары мен әлі тумасам да,
Майдан ,қырғын ішінде болмасам да.
Күй кешемін 9-мамыр күні,
Өзім барып келгендей сол майданға.
Күні – түні оқ борап жатқан екен,
Зеңбіректер жарылып жатқан екен.
Елі үшін кеуде тігіп, жанын қиып,
Қанша қазақ опат боп жатқан екен.
Аттанды халқы үшін аянбады,
Қазақтың батыр – батыр ұл қыздары.
Айналып періштеге елі үшін,
Ағып түсті қазақтың жұлдыздары.
Жырланған ұлы жеңіс тарихта да,
Әр адам тебіренер еске алса.
Биыл міне 75 жыл толып отыр,
Сұм соғыстың аяқталып болғанына.
«Жеңіс» сөзін естігенде тілерім,
Соғыс енді болмаса дап тіледім.
Көрмесем де өз көзіммен соғысты,
Оңайлықпен келмегенін білемін.
Жеңіс – бұл бейбіт күндер алдағы,
Қазағымның қуанышы, бар бағы.
Қаза болған тәуелсіздік жолында,
Аңсап өткен бабалардың арманы.
39