Page 39 - Сборник эссе
P. 39
Жанын берген жауынгер арқасында,
Азат күннің шуағы аймалайды.
Шын майданмен тыл майдан қатар жүрген,
Бұл жайға ақын қалай бойламайды.
Соғысқа ас жіберіп, оқ жасаған,
Оғландарды көп адам ойламайды.
Маңғаз елді ойлаған майдангерді,
Майданда болмаған деп майдалайды.
Аузынан жырып алып, көмек берген,
Алып қарасандарда қай майданды.
Соғыс –қылыш, тыл майдан – қайрақ еді,
Қылыш жүзін қайрақсыз қайрамайды.
Соғыс – қазан, тыл майдан – қақпақ еді,
Қақпақсыз қара қазан қайнамайды.
Еркебұлан ЕРМАГАМБЕТОВ
СОҒЫС ЖАЙЛЫ
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жыл,
Халық үшін ең сұмдық кезең ғой бұл.
Бала жетім, аналар жесір қалып,
Қантөгіске айналдырды соғыс құрғыр.
Дәл сол күні бұлт торлады аспанды,
Талай көзден сорғылады, жас тамды.
Тұтқиылдан шабуыл жасап жауымыз,
Нағыз міне қырғын соғыс басталды.
Соғыс, соғыс жылатқан бар халықты,
Ызғарымен бар жүректі суытты.
Бірақ соңы бейбіт күнге ұласып,
Орындады үкілеген үмітті.
38