Page 38 - Сборник эссе
P. 38

ҚАТЫСУШЫЛАР
                                              Жандос БАҚЫТҰЛЫ

                           АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС


            Құрметті ардагерлер!
            Сіздерге мың алғыс!
            Өлімнен қорықпай,
            Қорқынышты женгендеріңіз  үшін.
            Ел үшін жаумен алысып,
            Жер үшін қан төгіп терлегендеріңіз үшін.


            Сіздерге мың алғыс!
            Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмегендеріңіз үшін.
            Намыс тұлпарын ерттеп мініп,
            Елімді ойлап, ерлегендеріңіз үшін!


            Сіздерге мың алғыс!
            Жеріме көз тіккендерді, жер жастандырып,
            Жеңіссіз елге келмегендеріңіз үшін.
            Жайма шуақ күн үшін!
            Жауға қылыш сермегендеріңіз үшін.

            Құрметті ардагерлер!
            Сіздерге қарыздармыз!
            Ұлыңды құл
            Қызыңды күн қылдырмай
            Жерімізді жат елге бермегендеріңіз үшін!

                                 ТЫЛ МАЙДАН


            Тыныштықсыз бұлбұл да сайрамайды,
            Біріккенді жамандық жайламайды.
            Ұлы Жеңіс күніне 75 жыл!
            Қалайша мұны қазақ тойламайды.

                                          37
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43