Page 94 - 2023_kzd
P. 94

Осыған орай, Октябрь ауданның енді Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып аталуына
            байланысты 2021 жылдың 13 желтоқсаны күні салтантты іс-шара ұйымдастырылды.
                  Тарихи жиынға қатысқан Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды
            қалалық  мәслихатының  хатшысы  Құдайберген  Бексұлтанов  тұрғындарды  айтулы  қуанышпен
            құттықтады.  Сондай-ақ  Әлихан  Бөкейханның  155  жылдығына  және  ел  Тәуелсіздігінің  30
            жылдығы  мерекесі  қарсаңында  Октябрь  ауданының  Қазақстанның  бірлігін,  оның  жарқын
            болашағын армандаған Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып өзгертілгені – бұл ең алдымен
            Әлихан Бөкейханның тарихи қызметіне, жалпы еліміздің тарихына берілген құрмет екенін атап
            өтті.
                  Ауданда  23  өнеркәсіп  орны  жұмыс  істейді,  онын  ішінде  көмір  шахтасы  (Костенко
            атыңдағы),  «Қарағанды  ауыл  шаруашылық  машиналары»  зауыты  (қазіргі  «Қазақмыс»
            корпорациясының КЛМЗ зауыты), «Құрылыс пластмасса» комбинаты, шұлық-ұйық фабрикасы,
            «Қарағанды  металл  бұйымдары  зауыты»  ЖШС-  балаларға  арналған  тауарларды  шығарады
            (шаналар,  велосипедтер),«Сантехпром»  ЖШС-  санитарлы-техникалық  үлгідегі  шойын
            эмальдандырылған өнімдерді жасап шығарушы болып табылады (ванналар, раковиналар және
            т.б.), «Natige» ЖШС – 20 түрден аса сүт өнімдерін жасап шығарады, «Қарағанды №2 автобус
            паркі»-  халықты  көлікпен  қамтамасыз  ету,  «№5  Автобус  паркі»  АҚ-  халықты  көлікпен
            қамтамасыз ету, «Қарағанды металлконструкциялар зауыты – Имсталькон» ЖШС – зауыттың
            негізгі  жасап  шығаратын  өнімі  өндіріс  ғимараттардың  және  имараттардың  шойын
            конструкциялары.  Зауыт  өз  өнімін  Қазақстанның  барлық  қалаларына  қамтамасыз  етеді,
            «Пархоменко  атындағы  Қарағанды  машина  құрылысы  зауыты»  ЖШС  -  тау  өндіретін
            өнеркәсіпте пайдаланылатын әр түрлі өнімдер мен қосалқы бөлшектердің 300 аса түрін жасап
            шығаратын,  ауыр  машина  құрылысы  кәсіпорыны,  «Стройкомплект-А»  ЖШС  КФ  –  қазіргі
            заманғы  модульдік  технологиялар  бойынша  жұмыс  істейтін  Қазақстандағы  бірінші  зауыт,
            біріккен  Француз-Ресей-Қазақстан  кәсіпорны  болып  табылады.  Аталмыш  технология  кез-
            келген  сипаттағы  және  сападағы  бояуларды  жасап  шығаруға  мүмкіндік  береді,  «ТД  Азия
            Метиз»  ЖШС  (көмірсутекті  сым),  «Силициум  Казахстан»  ЖШС  (металлургиялық  кремний),
            «Борусан  Макина»  ЖШС  ЖК-  шахталық  құрал-сайман  сервис,  «Эгофом»  ЖШС  -  (поролон),
            ТОО  «Green  Technology»,  Тамшылық  суару  әдісімен  көкіністерді  өсіру  бойынша  «GREEN
            TEСHNOLOGY» жылу кешені т.б.
                  Мұңда  14  балалар  мекемесі,  43  жалпы  білім  беретін,  4  кәсіптік-техникалық  оқу  орны,
            Жаңа Майкұдық Мәдениет үйі, 79 кітапхана, аурухана, 4 емхана жұмыс істейді.

                  https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/515846-ara-andyny-oktyabr-audany-likhan-b-kejkhan-
            dep-ataldy

                  https://informburo.kz/kaz/oktyabr-atauyn-alixan-bokeixan-audany-dep-ozgertu-turaly-qauly-
            qabyldandy
                                                       Әдебиеттер:
                  Октябрь ауданы //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. -
            Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 443 б.
                  Октябрь ауданы //Қарағанды. Қарағанды облысы:  энциклопедия / ред. А. А. Абдулин.  -
            Алматы: Атамұра, 2006. - 429 б.
                                                            ***
                  Айтжанова  Қ.  Найзағай-Рух  намысты  жанып...  /  Айтжанова,  Ж.  Әлиман,  Ж.  Шалқар  //
            Орталық Қазақстан. - 2021. - 13 наурыз (№ 28). - 1 б.
                  Асан  М.  Батыр  тұғырғы  қонды:  [Қарағанды  қаласының  Октябрь  ауданында  Мартбек
            Мамыраев есімімен аталатың әскери-техникалық мектепте батырға мүсін орнатылды] // Егемен
            Қазақстан. - 2017. - 11 тамыз (№ 153). - 12 б.
                  Бахтияр  Б.  Сиырдан  -  Барысқа,  табыстан  табысқа  жетейік  //  Қарқаралы.  -  2021.  -  30
            желтоқсан (№ 53). - 12 б.



                                                             94
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99