Page 79 - 2023_kzd
P. 79

Халықтың  көп  жиналған  жерінде  үгітнасихат  жұмыстары  үзіліссіз  жүргізіліп  тұрған.
            Әйелдер теңдігі, халықты ғылым-білімге үгіттеу мәселесіне үлкен маңыз берілген. Мәселен, бір
            маусым ішінде оқу үйінде үш мыңнан астам адам болған.
                  1905  жылы  28-шілдеде  Қоянды  жәрмеңкесінде  патшалық  билікке  атақты  «Қарқаралы
            петициясы»  жол  тартты  1905  жылы  26  маусымда  Әлихан  Бөкейхан,  Ахмет  Байтұрсынұлы,
            Жақып  Ақбайұлы  бас  болып,  жәрмеңкеғе  жиылғандармен  бірге  Петербордағы  патша  ағзамға
            қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жібереді. Петицияға 14500 адам қол қояды және
            Әлихан  Бөкейханның  сенімді  саяси  серіктері  арқылы  мәртебелі  патша  ағзамның  қолына
            тигізуді ұйымдастырады. Арызда патша үкіметіне 11 түрлі талап қояды. Олар: 1. Діни сенімге
            қысым  жасауды  тоқтату;  2.  Қазақ  мектептерінде  қазақ  тілінде  оқыту;  интернат,  пансионат,
            жоғары  оқу  орындарыньщ  жайы;  3.  Қазақ  тілінде  газет  шығару,  4.  Переселендердің  көшіп
            келуін тоқтату, жерді қазақтікі деп жариялау, 5. Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшіруді
            тоқтату; 6.  «Далалық билеу» ережесін өзгерту; 7. Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда
            істі  қазақ  тілінде  жүргізу,  өтініштерді  қазақ  тілінде  қабылдау  правосын  қалпына  келтіру;
            қызметке қазақ тілін білетін тілмаштарды алу, 8. Сот ісін қазақ тілінде жүргізу; 9. Бастықтар
            мен  урядниктердің  санын  қысқарту;  10.  Генерал-губернатордың  бұйрығымен  жер  аударуды
            тыю; 11. Жоғары үкіметте қазақ депутаттарының болуы.
                  Сауда нүктелері ұзын-ұзын төрт қатарға жарыса орналасқан екен. Ішкі екі көше бойында
            мата, тігулі киімдер сататын дүкендер, ұсақ-түйек жіп-шу, түрлі жылтырауықтар сататын қысқа
            қолды  бақалшылар  орналасқан.  Одан  кейінгі  қатарларға  Орта  Азия  мен  Қытай  саудагерлері
            қымбат  жібектері  мен  кілемдерін  жайып  тастап,  олармен  іргелес  қазақ  байлары  киіз  үйлерін
            тігіп, сарықымыздарын сапырып, жол-жөнекей келген-кеткендерді сусындатып отырған. Бертін
            келе, XX ғасырдың басына қарай жәрмеңкеде мұсылмандар мешіті салынып, басқа діндегілер
            үшін де ғибадатхана ашылған.
                                                       Әдебиеттер:
                  Адильбаев А. М. Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда айналымы // Жуасов оқулары-17: акад. Е.
            А.  Бөкетов  атын.  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  тарих  факультетінің  75  жылдығына
            арналған     Республикалық      ғылыми-практикалық       конференциясының        материалдары     =
            "Жуасовские  чтения-17":  материалы  Республиканской  научно-практической  конференции,
            посвященные  75-летию  исторического  факультета  Карагандинского  государственного
            университета им. акад. Е. А. Букетова / Акад. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
            ун-ті, Тарих факультеті; жауапты ред. Б. А. Досова. - Қарағанды: ТОО TENGRI, 2013. – 125-130
            б.
                  Алаш көсемсөзі: 10 томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Өнер, 2010 - 7 т.: Таң / ред. Н.
            О. Омашев. - 2011. - 364 б.
                  Анов Н. Ән қанаты: роман / Н. Анов; ауд. С. Ақтаев. - Алматы: Жалын, 1979. - 432 б.
                  Арқадағы Қоянды жәрмеңкесі // Асқар Н. Терең тамырлар: [естелік]. - Қарағанды: Арка
            және К, 2016. – 53-62 б.
                  Аршабеков  Т.  Т.  Алаштың  Әлиханы:    Ә.  Бокейханның  тарих,  жер  мәселеріне  арналған
            еңбектеріне шолу / Т. Т. Аршабеков ; Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
            басқармасы, Сарыарқа ғылыми-зерттеу орталығы , Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі.
            - Қарағанды: Tengri Ltd, 2016. - 130 б.
                  Бегалин С. Сахара сандуғаштары. - Алматы: Қазақстан, 1976.
                  Галиев  В.  З.  Ұлтты  оятқан  кітап  /  орыс  тілінен  ауд.  Ғ.  Жандыбаев;  Қазақстан
            Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат  және  мұрағат  комитеті.  -
            Алматы: Мектеп, 2013. - 412 б.
                  Әзиев  Ә.  Қазына  төрінде:  Қоянды  жәрмеңкесі  туралы  //  Мыс  ошағы:  Роман.-  Алматы,
            1988.- 193-285 б.
                  Әрінұлы А. Атақоныс-Арқадағы-Шежірелі Қарқаралы.- Алматы: Дәуір, 2003. - 223 б.
                  Жұртбаев Т. Жәрмеңке // Дара тұлға: Деректі повесть.- Алматы, 1984.- 67-106 б.
                  Ибраһим Е. Алау: өлеңдер поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1983. - 102 б.
                  Қарқаралы: [190 жылына арналған]. - [Қазақстан] : [б. ж.], 2016. - 27 б.

                                                             79
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84