Page 33 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 33

істедім  деген  сөз  бір  түрлі  жат  естіледі.  Біз  ол  кезде  қара  жерде
           көмір  тиелген  шана  тарттық,  еңбектін  ең  ауыр  зардабын  шектік.
              Жүмыста   мерзімді  уақыт  болмайтын.  Шахтаға   таң   қараңғы-
           сынан  түсіп,  онан   қас  қ арая  шығатынбыз.  «Юнский»  шахтасының
           бастығы  Хорбатель  байдың  қолында   қ айқ ы   қайың  таяғы  болатын.
           Ол  көңіліне  жақпаған  жұмысшыны   осы  таяқпен  үрып  жіберетін.
              Жұмыс   киімді,   құрал-сайманды  өз  жалақымызға   сатып   ала-
          тынбыз.  Онда  киім  дейтін  киім  де  жоқ  еді,  аяғымызға  киетініміз
           шәрке*  болатын.  Жер  астындағы  тізеден  келген  суда  біраз  жүрген-
           нен  кейін  шәрке  былбырап,  оның  ешқандай  лыпасы  болмай   қала-
          тын.  Дертке  шалдықпаған   жұмысшы    кемде-кем-ақ  болатын.
              Бір  күні  жұмысқа  түсейін  деп  тұрғанда,  Хорбатель  мені  шақы-
           рып  алып:  «Баламды  жегулі  атпен  серуенге  шығарып  келесің»,—
           деді.  Қара  шолақ  ат  жегілген  жеңіл  арбаға  Хорбательдің  кішкене
           баласы  екеуіміз  отырып  алып,  тартып  бердік.  Көргені  жаман  ерке
           бала  арба  қатты  шайқап  кетсе  болғаны,  ағылшын  тілінде  міңгір-
           леп  мені  балағаттап  қояды.  «Акөр»  дейтін  жерден  төмен  түсіп  зы-
           мырап  келе  жатқанымызда,  арба  аударылып   кетті.  Бала  да,  мен
           де  анадай  жерге  ұшып  түстік.  Сол  күні  үлкен  пәлеге  қалдым.  Хор-
           батель  баласын  жығып  алғаным  үшін,  мені  таяқтың  астына  алды
           және  айып  салып  екі  апталық  жалақымды   ұстап   қалды.
              Бір  күні  пештен  стволға  қарай  вагонетка  сүйреп  келе жатқаным-
           да,  екі  вагонетка  соқтығысып,  қапылыста  қолым  сынып  қалды.  Осы
           кезде  Хорбательдің  қайдан  кез  болғанын  білмеймін,  «жығылған
          үстіне  жұдырық»  дегендей,  шекемнен  таяқпен  салып-салып  жібер-
          ді.  Талып  қалыппын.  Қасымда  жан  жоқ  еді.  Шығыс штректе жүмыс
           істейтін  Елегенов  Етекбай  деген  жүмысшы  жүмыстан  шығып  келе
           жатып,  менің  соққыға  жығылып  жатқанымды    көріпті.  Әулетті  жі-
           гіт  еді,  мені  арқалап   қыр  үстіне  шығарды...
              Ол  кезде  таңның  атысы,  күннің  батысы  жүмыс  істегенде  күніне
           алатынымыз  20  тиын  ғана.  Ішсек  асқа,  кисек  киімге  жарымайтын
           едік.  Бірақ  жұмысшылар  да  олардың  қара  құлы  болып  отыра  бер-
           ген  жоқ.  Тіпті  ұйымдасқан  түрде  талай  рет  жұмысқа  да  шықпай
           қойдық.  Төбелес  те,  жанжал  да  жасадық...






                               ЕСТЕ   ҚАЛҒАН  ЕКІ  ОҚИҒА 6
              Менің  әкем  Ахан  Дүйсенүлы   бүкіл  өмірін  осы  Успен  рудни-
           гінде  жұмысшылықпен   өткізген  адам.  Ұзақты  күн  жүріп,  жұмыс
           істегендегі  табысы  шиеттей  жеті  бала  мен  қарт  анамызды  асырау-
           ға  жетпейтін.  Жеті  баланың  ішіндегі  ең  үлкені  менің  өзім  1892  жы-
           лы  ғана  туғанмын.  Бір  біздің  үй  емес,  барлығы  да  нашар  тұратын
           еді.  Жоқшылыққа   төзе  алмағандықтан  ғой  деймін  жұмысшылар
          қожайындармен     ойбайласып-байбайласып    төбелесіп  жататын-ды.
              *  Шәрке  — шарық,  шоқай  деген  сөз.
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38