Page 32 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 32
алып, бірімізбен бірімізді күрестіретін-ді. Кейде шашы үстарамен
қырылған жалтыр бас балаларды шақырып алады да, бірімен бір-
ін сүзістіреді. Күресте кім жықса, оған шет тиын* береді. Ал, сү-
зіскенде кім жеңсе, оған да шет тиын бсреді.
Шегініп келіп қойысқан бастардың жарылғанын, болмаса кей-
біреулерінің талықсып қалғандарын талай рет көргеміз. Дәл өзім
сүзіскенде, талайдың басын жарған едім, тіпті айта берсең, одан
өліп қалған да балалар болды. Бір ретте Шегебай дейтін бала сон-
дай сүзуден қаза болды. Бір баламен екеуі сүзісіп кеп берді. Күрс-
күрс соғысады. Бір кезде Шегебай және онымен төбелесуші бала
шегініп келіп үрысқанда Шегебай үшып кетті. Құлаған бетте Ше-
гебайдың басы жерде жатқан тасқа соғылды. Сүйтсе, тас самайдан
тиген екен, тіл тартқан жоқ.
Күрестіруді, сүзістіруді қойып, енді жұлқыма деген ойын шы-
ғарды. Кішкентай табуретканың үстіне күміс тарелкеге ылғи шет
тиындарды салып қояды. Кімде-кім өз құлағын Хорбательдің ұста-
ған қолынан жұлып әкетсе, шет тиынын алады. Өзіміз күнінде
құлағымызды жұлдырып кейде төрт шет тиын, кейде сегіз шет
тиынын алып кететінбіз... Көп балалар «Құлағым-ай, құлағым-ай»
деп жылап та жататын.
Қейде Хорбатель:
— Мұнікі құлақ та, бас та мықты, — деп құлақтан жоғары
көтеріп-көтеріп қоятын.
Бір күні көп балалардың ішінен мені шақырып алды да құла-
ғымнан мықтап ұстады. «Егер жұлып кетсең, екі шет тиын бере-
мін», — деді. Бұрынғыдай емес бұл жолы қолында ақ биялайы бар.
Олай жұлқимын, бұлай жұлқимын, жоқ, бұрынғыдай емес, босат-
пайды. Анадай жерде балалар мазақтап күліп тұр.
— Ал, ал, бәлем! — деп табалаушылардың да дауысы естіледі.
Не болса, ол болсын деп бар күшіммен жұлқа тартып жөнелдім.
Босатпады... Жұлқып шығып кетсең шет тиын береді, ал босана
алмай қалсан, ол өз білгенін істейді... Албарында төрт төбет иті
болатын еді. Маңайласқан адам болса алып тастайды. Сол иттер
тұрған албарға мені кіргізіп жібермесі бар ма. Бірақ иттердің ау-
зы тұмшаланған екен, кісіні тістей алмайды. Арсылдап келіп ұм-
тылалы. Тұмсықтарымен нұқып қалады. Ай зәрем кетті-ау!...
Кешке үйге келе-ақ ауырдым. Бас көтертпейді. Құлағым түбі
шыңылдап, шекем дуылдайды. Құлағым содан зақым тауып, сол
құлагым естімейтін болды.
ЖЫҒЫЛҒАН ҮСТІНЕ ЖҮДЫРЫҚ 5
Кейін сол Хорбатель басқарған «Юнский» шахтасында шанашы
болып істедім. Кәзіргі жас шахтерлерге шахтада шанашы болып
* Бір тиынның төрт бөлігінің бірі.
3 - 1 3 8 33