Page 31 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 31
те жатушы еді. Түбі Барғана* еді. Аты есімде жоқ. Бір жігіт үсініп
аяқ-қолынан айрылды. Суық тиіп кем қадам-қайыршы болып кет-
ті. Соның мына бір зарлы әні есімде:
«Үсінді сол аяғым мұжық болды,
Сол қолым жаны кетіп о да солды.
Кұмандай домаланған мен бір бейбақ
Табармын күн көрерлік қайдан жолды».
Ақыры сол жігіт қ айыр сұрап кетті. Зауыттан ақша, лавкадан
зат алуға келгендерден:
«Жасы үлкен аға-іні, құрбы-құрдас,
Ойыммен ойы бірге әмбе мұңдас.
Болса егер қалдырыңдар қайыр-зекет,
Бұрынғы көз көргендер жақын сырлас»,—
деп, өлең айтып қайыр-зекет сұрайтын еді.
... Азапты көп кештік. Қорлықты көп көрдік. Бірақ қайсы бірін
айтып тауысарсың!... 1904—1905 жылдары ғой деймін, әйтеуір, ме-
нің 26 жасқа келген кезім. Рязанов кетіп, Жұ мбақ төре арқылы
Қарағанды ағылшын байларының қолына ауысқан кезі. Ағыл-
шындар Рязановтан да ісатал келді. Ақшаның орнына «ақ талон»
деген пәле шықты. Нілдіден әкелген көктасты зауытқа өткізерде
өлшейтін. Одан тағы да жейтін болды. Ол туралы мынадай өлең
айтатынбыз:
«Ағызып аязды күн көзден жасты.
Шанамен б і з тартамыз ауыр тасты.
«Боқат**» деп бір ұстаса гирьден екі
Қымқырған есепшінін қылығы асты».
... Біздер де талай қиғылықты салушы едік. Есепшілер мен қо-
жайындарды үйлерінен суырып алып сабайтын кездеріміз де бо-
латын.
Қ Ұ ЛАҒЫМ НЕГЕ КЕМ БОЛДЫ 4
Кәзіргі Қарағандының Ескі қаласындағы Костенко атындағы
бақшаның күншығысында 70—80 метрдей жерде қос қабат поли-
клинка үйі бар. Сол үйдің артында сол поликлинканың бір бөлім-
шесі рентген кабинетіне айналған аласа үй тұр. Сол үй — осы Қа-
рағандының ескі қожаларының бірі, ағылшын байы — Хорбатель
дейтіннің үйі. 12 бөлмелі үйде әйелі, өзі және қызы — үш-ақ адам
тұратын еді.
Менің бала кезім. Кешке жақын мен қатарлы балаларды жинап
* Қарағанды маңындағы ру аты.
** Боқат — бір нәрсенің (тарының, бидайдың, көмірдің, руданың) қалдығы.