Page 8 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 8

аудармалары  бар.  Ақын  қай  тақырыпта  жазса  да  жан-жүрегімен  тебіреніп,
                  ақындық шабытпен, суреткерлік шеберлікпен жазған. Сондай-ақ, оның проза,
                  драма,  сын  саласына  да  қалам  тартып,  «Құлпытас»,  «Марусяның  тауы»,
                  «Өзгермепті»,  «Әже»  әңгімелері  мен  «Қос  қарлығаш»,  «Жыл  құстары»
                  повестері, «Қош, махаббат» пьесасы бар.
                         Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт. Жан азасы» реквиемі
                  пәлсапалық  мазмұны,  психологиялық  мазмұны  өзгеше  туынды  болған.
                  «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді
                  туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір - Ана, бірде Жер-Бесік
                  атынан өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын
                  қай  тақырыпта  жазса  да  жалған  сезім,  жылтырақ  сөзге  әуес  болмаған,  ол
                  туралы  өзі:  «Мен  жырламаймын,  Сырласамын.  Сыры  бір  замандаспен
                  мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті
                  де  мен  емес-ті  «Мен»  дегенім...  Өзгенің  жан  -  сырын  ұғу  үшін,  Өзімді
                  зерттегенді жөн көремін» деген. Мұқағали шығармашылығының көбі «өзін-
                  өзі»  зерттеуден  тұрған.  Шығармаларындағы  философиялық  тереңдік,
                  адамның  психологиялық  жан  күйзелісін  суреттеу,  медитация  басым.
                  Сонымен  қатар  ақын,  имандылық,  ислам  діні  турасында  «Я,  Жаратушы
                  Аллам», «Сатқан емен», «Дін - ғылымның анасы», «Я, Алла», «Бүкіл дүние
                  мұсылмандарына  хат»,  «Адам  қайдан  жаралған»,  «Жүрек  арызы»,  «Күн
                  батты, міне, кеш кірді», «Не керек, осы, адамға», т.б. өлеңдер жазған. Және
                  ол  тауды,  қазақ  ауылын  көп  жырлаған  «Тауда  өстім»,  «Тау  бір  аңыз»  т.б.
                  «Өлмесін  деп  берген  ғой  тауды  маған,  Мен  күңіренсем,  күрсініп  тау
                  жылаған».
                         Мұзбалақ  ақын:  «Бүкіл  менің  жазғаным  -  бар-жоғы  бір  ғана  бүтін
                  поэма.  Адамның  өмірі  мен  өлімі,  қасіреті  мен  қуанышы  туралы  поэма»  ,  -

                  деген.
                                                            Поэзия!
                                                     Менімен егіз бе едің
                                             Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
                                           Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
                                           Қарауытқан таулардан сені іздедім.
                                            Сені іздедім кездескен адамдардан,
                                          Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
                                        Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
                                          Сені іздедім жоғалған замандардан...
                                                        ... Сені іздедім.
                                                  Ӏздеймін тағат бар ма?
                                           Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»

                  ақынның  осы  бір  өлең  жолдарын  оқығанда  өзінің  бүкіл  болмысы  мен  бар
                  ғұмырын бір-ақ қана өлең жолдарына сыйғызып кеткенін көруге болатындай.



                                                                 8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13