Page 5 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 5

«Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс...»

                                                  Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылдың
                                          9  ақпанында  Алматы  облысы,  Нарынқол  ауданына
                                          қарасты  Қарасаз  ауылында  дүниеге  келген.  Ақынның
                                          азан  шақырып  қойған  есімі  -  Мұхаммедқали.  Бірақ
                                          туғандары  оны  еркелете  Мұқағали  деп  атап  кеткен.
                                          Мұзбалақ  ақынның  әкесі  қарапайым  еңбек  адамы:
                                          колхозда  сушы,  шалғышы  болып  істеген.  Ол  үйдің
                                          тұңғышы  болған,  оның  артынан  бір  қыз  және  үш  ұл
                                          туған.  Ақынның  қарындасы  мен  алғашқы  інісі  ерте  көз
                  жұмған.  Соңғыларының  есімдері  -  Тоқтарбай  мен  Көрпеш.  Қазақ  дәстүрі
                  бойынша  және  үйдің  алғашқы  баласы  болғандықтан  ақын  әжесі  Тиынның

                  қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдаған. Ер мінезді, айбынды әжесін
                  ерекше  құрметтеген.  Көнекөз  ауыл  тұрғындары  да  әжесінің  қайсарлығына
                  байланысты ақынды әжесі Тиынға ұқсатқан.
                         Өмірінің  30-дан  аса  жылын  ауылында  өткізген  ақын,  өзінің  табиғаты
                  шырайлы  да  шұрайлы  Қарасаз  топырағын,  қаймағы  бұзылмаған  қазақы
                  ортасын, өсіп-өнген ауылын жиі еске алып сағына жырларына қосқан:
                                             Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
                                         Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.
                                           Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
                                               Іркіт иісі келеді мұрынға бір.

                         Бірақ,  ақынның  бұл  күйі,  бақытты  балалық  шағы  ұзаққа  бармайды.
                  Әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза тауып, 10 жастағы Мұқағали
                  әкесіз қалады. «...Сенбеймін әкең өлді дегенге мен, Себебі ол үйімізден тірі
                  аттанған» - дейді әке қазасына иланғысы келмеген ақын жүрегі. Осылайша,
                  соғыс  ауыртпалығын  бала  кезінен  сезінеді.  Алайда,  әке  жұртында  қалған
                  ошақтағы  оттың  бір  ұшқыны  екенін  де  есінен  шығармайды,  сол  мұңсыз
                  балалыққа  сызат  түсірген  соғыс  ақынды  бірден  есейтеді.  Бәлкім,  ақынның
                  өмір  үшін  күресі  тап  осы  сәттен  бастау  алған  болар...  Дегенмен  де,
                  М.Мақатаев балалық шағының бүкіл әлемін сүйіп өткен және сол күндерді
                  қатты  сағынған.  Оның  поэзиясының  көптеген  суреттерін  тудырған  дәл  сол
                  балалық шақтағы естеліктері болған.
                         Ақынның  анасы  өзінің  естелігінде  М.Мақатаевтың  он  төрт  –  он  бес
                  жасында өлеңге ден қоя бастағанын, төбесі аласа ғана қоржын тамға қалың-
                  қалың  кітаптарды  үйіп  тастап,  шаршамай,  шалдықпай  оқумен  болғанын
                  айтады. Ол қазақ әдебиеті классиктерінен бөлек, орыс әдебиетін, оның ішінде
                  Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсіне оқыған. Шетел әдебиетінен Гейне,
                  Гете,  Дюма,  Гюго,  Байрон,  Драйзер,  Стендаль  еңбектерін,  әсіресе  Бальзак,
                  Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалаған.
                         Осылайша  әдебиетке  құштарлығының  қайнар  көзі  Қарасаздан  бастау
                  алған  Мұқағали  Мақатаев  орта  мектепті  Нарынқолдағы  мектеп-интернатта
                  бітірген. Одан кейінгі жылдарда жоғары оқу орындарының бірнешеуіне еш
                                                                 5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10