Page 11 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 11

мұражайы  ашылған.  Алматыда  ақын  атында  мектеп,  көше  және  сол  көше
                  бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш қойылған. 2011 жылы ақынның 80
                  жылдығы жоғары деңгейде аталып өткен. 2015 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк
                  қаласындағы  «Metropolition  Classics»  компаниясы  Мұқағали  Мақатаевтың
                  жыр жинағының тұсауын кескен.
                         Мұқағали        Мақатаевтың         өлеңдеріне       Н.Тілендиев,       Д.Рақышев,
                  Ш.Қалдаяқов,          І.Жақанов,        А.Қоразбаев,        Т.Рахимов,         М.Рүстемов,
                  Т.Мұхамеджанов,  Ә.Тінәлиев,  Б.Оралұлы,  Т.Досымов,  т.б.  сазгерлер  ән
                  жазған. Бүгін де ақынның көптеген өлеңдері қазақ ән тарихында өзіндік орны
                  бар дара туындылардың қатарында.

                                          «Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні...»
                                          (ақынның 1976 ж. күнделігіне жазған ойлары)

                                                     14 ақпан 1976 жыл
                         Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін
                  аудара қалса, оларға былай дер едім:

                         Менің      қымбатты        достарым!       Егер     сендер      шынымен         менің
                  өмірбаянымды,  шығармашылығымды  зерттемек  болсаңдар,  онда  мен  не
                  жазсам,  соның  бәрін  түгел  оқып  шығуды  ұмытпағайсыңдар.  Мені  өз
                  өлеңдерімнен  бөліп  қарамауларыңызды  өтінем.  Естеріңде  болсын,  менің
                  жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. Ол поэма іспетті біртұтас. Басы және
                  аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның үніндей. Жалған
                  күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар
                  –  поэзияның  жаулары.  Көпшіліктің  көңілін  аулау  үшін  емес,  жаныңның
                  жайбарақаты үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам күлдіре де, абыржыта да
                  алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есінде
                  мықтап қалу үшін, барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кәдімгі
                  түсіне  білетін  көпшілік  кейде  сенің  образдарың  мен  праобраздарыңды
                  кейінге  ысырып  тастайды.  Әрбір  оқырман  көркем  шығармадан  өзін,  өз
                  жанының құрамдарық іздейді.
                         Сондықтан  мен  өзімнің  «Менім»  арқылы  жасырып  жаппай  өмірімнің
                  шежіресін жасап шықтым. Жанымның басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге
                  тиіс мұңы мен қуанышы – бәрі сонда.
                         Сонымен,  достар,  бүкіл  менің  жазғаным  –  бар-жоғы  бір  ғана  бүтін
                  поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қам жеулері мен қуанышы туралы поэма.
                  Егер  нанбасаңдар,  барлық  өлеңімді  жинап  бір  жинаққа  топтастырып
                  көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын, яғни жылына
                  және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-
                  ақ  қоюларыңа  болады,  ал  композициясы  мен  архитектоникасына  зер
                  салыңдаршы. Егер мен онда болмасам, онда ақынның да болмағаны.




                                                                 11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16