Page 10 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 10

Мұқағали  өлген  жоқ.  Ол  тірі.  Ол  сертіне  әлдеқашан  жеткен  ақын.
                  Жақында  мен  Қытайға  бардым.  Үрімжі  қаласынан  Мұқағалидың  өлеңдер
                  жинағы  араб  әрпімен  басылып  шығыпты.  Дүкенде  жоқ.  Қолда,  қойында
                  жүр. Мұқағалимен мен сонда кездестім. Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ
                  та  Мұқағали  алдымыздан  шығатын болады  әлі. Ол  –  шын мәніндегі  халық
                  ақыны.
                                                                                            Оразақын Асқар

                    Абай,  Ілияс,  Қасым  сияқты,  өз  заманына  лайық  туған.  Халқының  қам-
               қарекетін, тағдыр-талайын жүрегіне қондырған ақындардың бірі – Мұқағали.
               Оның ерекшелігі – ешқандай әлемге, шеңберге сыймайтындығында.
                                                                                          Исраил Сапарбай


                    Мақатаев  бұл  жалғанға  қалдырған  жарық  сәуле  –  жырлары  халқының
               басын  құрап,  елдік  пен  бірліктің,  рухани  тұтастықтың  байрағына  айналып
               отыр.
                                                                                      Фариза Оңғарсынова

                    ...Ол өмірден өткелі 40 жылға жақындады. Бірақ жыл өткен сайын оның
               ақындық  тұлғасы  ірілену,  тірілену  үстінде.  Оған  жыл  сайын  ондаған  жас
               ақындар өзінің жүрекжарды өлеңдерін арнайды. Көзі тірі адамға арнағандай...
               Оның  жырлары  қырық  жыл  бойы  жас  ұрпақтардың  жан  суатына  айналды.
               Осы  ғасырда  әлі  де  қаншама  жүректерді  кәусарымен  сусындатарына  күмән
               жоқ. Кумирлер өлмейді.
                                                                                         Ұлықбек Есдәулет

                    Мұқағали асып-тасып, арнасынан төгіліп жүрмесе, артында қалың жұрт
               сүйіп оқитын өлеңдері қалмас па еді... Ақынды түсіну қиын.

                                                                                         Бибігүл Төлегенова

                                        Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді

                         Мұқағали  Мақатаевтың  шығармалары  өзбек,  қырғыз,  т.б.  тілдерге
                  аударылған.  Ақынның  әдеби  мұрасын  зерттеуде  1991  жылы  К.Сейтова
                  «Мұқағалидың ақындық мұрасы», 1993 жылы К.Хамидуллаев «Мұқағалидың
                  ақындық  шеберлігі»,  1999  жылы  тіл  білімінде  З.Қазанбаева  «М.  Мақатаев
                  лирикасының  грамматикалық  ерекшеліктері»  атты  үш  кандидаттық
                  диссертация  қорғалған.  Шығармашылығы  турасында  700-ге  тарта  еңбек
                  (мақала,  естелік-эссе,  роман,  поэма,  өлең,  т.б.)  жазылған.  Ақиық  ақын
                  дүниеден  өткеннен  кейін  ҚР  Жазушылар  одағы  бастамасымен  1985  жылы
                  үздік  әдеби  шығарма  авторларына  «Мұқағали  атындағы»  әдеби  сыйлық
                  тағайындаған.  Ал,  ақынға  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығы  және  «Ғасыр  ақыны»
                  атағы 1999 жылы берілген. Сонымен қатар, 1999 жылы ақынның «Аманат»
                  атты кітабы «Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа» ие болады. 2008 жылы
                  «Мұқағали  Мақатаев»  атындағы  жаңа  сыйлық  тағайындалды.  60  жылдық
                  мерейтойы  қарсаңында  ақынның  туған  жерінде  «Мұқағали  Мақатаев»
                                                                 10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15