Page 13 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 13
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»
(Қорытынды)
Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк күреген күмбез,
сұлулық сарайы деп есептесек Мұқағали Мақатаев соның талантты тас
қалаушыларының бірі. Ақынның өзі: «Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін өлемін деп қарамау» , - деп жырлағандай, аз ғана ғұмырында
тағатсыз еңбек етіп, үнемі арман-мақсатқа ұмтылып, өмірдің әр сәтін
бағалауға жетелеп, оның өткінші екенін еске салуды да ұмытпағанын
поэзиясынан көруге болады.
Шын мәнінде Мұқағали Мақатаев мұзбалақтар ғана мекен ететін
шыңдарға жол тартып жалындап өткен жырдың марғасқасы. Ол қазақ
ақындарының жаңа кезеңдегі зор тұлғасын жасаған, қазақ жырларын ішкі
мазмұнымен, көкжиегі кең ізденістерімен байытқан. Оның шығармашылығы
кез-келген адамның бойына қуаныш, мақтаныш, рухани күш-қуат құяры
сөзсіз.
Мұқағали мұрасы сұлулықтың үлгісі. Оның маржан поэзиясы – күллі
қазақтың болмысы, сырлы үні. Біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ
ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. Сөз қадірін білетін
қазақ халқы барда ақиық ақынның өлеңі мәңгі өлмейді.
Әдебиеттер:
Мақатаев М. Аманат : жыр жинағы. - Алматы: Атамұра, 1999. - 304 б.
Мақатаев М. Өмір-өзен : өлеңдер мен дастандар. - Алматы: Раритет, 2005. -
228 б.
Мақатаев М. Шығармаларының төрт томдық жинағы. - Алматы: Жалын,
2001
Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан : жыр кітабы. - Алматы:
Жалын, 1994. - 254 б.
Мақатаев М. Бәсіре : өлеңдер, толғаулар, дастандар. - Алматы: Жалын,
1981. - 142 б.
Мақатаев М. Қош, махаббат : прозалық шығармалары. - Алматы: Жазушы,
1988. - 283 б.
Мақатаев М. Шолпан: өлеңдер, поэмалар, толғаулар, аудармалар . - Алматы:
Жалын, 1984. - 192 б.
Мақатаев М. Соғады жүрек: 2 томдық. - Алматы: Жазушы, 1982.
Мақатаев М. Жырлайды жүрек: өлеңдер мен поэмалар . - Алматы: Жазушы,
1989. - 495 б.
Мақатаев М. Жыр ғұмыр: жинақ. - Астана: Абырой, 2012. - 2 эл. опт. диск
13