Page 7 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 7

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»
                                                (ақынның шығармашылық жолы)

                         Мұқағали  Мақатаевтың  туындылары  өткен  ғасырдың  екінші
                  жартысында ұлттық әдебиетке құбылыс болып енген. Оның нәзік лирика мен
                  сырға  толы  жырлары  сол  кездегі  поэзияның  көгіне  көтерілген.  Ақынның
                  ұлттық  болмыспен  астасып  жатқан  мазмұнды  туындылары  арқылы  тұтас
                  ұрпақ  тәрбиеленген,  қазір  де  тәрбиеленіп,  сырлы  поэзиясымен  сусындап
                  келеді.  Ол  қазақ  әдебиетіне  өлең  өнерінің  жаңа  тынысын,  жарқын  үлгісін
                  әкелген,  өзінің  мектебін  қалыптастырған  ақын.  Ақиық  ақын  өзінің
                  шығармаларымен кейінгі ұрпаққа айрықша ықпал ете білді.
                         Оның  өлеңдері  1950  жылдардың  ішінде  республикалық  баспасөз
                  беттерінде  жариялана  бастайды.  Тұңғыш  өлеңдері:  «Қырман  басында»,
                  «Қойшы  бала  –  Әкітай»  ауданындағы  «Советтік  шекара»  газетінде
                  жарияланған (1949). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты
                  жинаққа  енеді  (1951).  Сөйтіп  есімі  ел  арасында  таныла  бастаған  ақын
                  шығармашылық жолға түбегейлі бет бұрмақ ниетпен 1962 жылы Алматыға
                  қоныс  аударады.  Содан  бастап  ақынның  кәсіби  іс-әрекеті  әдеби
                  шығармашылықпен  тығыз  байланыста  өрбиді.  Қазақ  радиосында  диктор,
                  1962-1963  жылдары  «Социалистік  Қазақстан»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)
                  газетінде тілші, 1963-1965 жж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»)
                  1965-1972  жж.  «Жұлдыз»  журналдарында  әдеби  қызметкер,  жазушылар
                  одағында  поэзия  бөлімінің  кеңесшісі  қызметтерін  атқарады.  1970  жылы
                  Жазушылар  одағына  мүшелікке  қабылданады.  Бірақ,  ақынға  үлкен  қалада
                  тұрақты  қызмет  қылу  да,  орналасатын  тұрақты  үй-жай  табу  да  қиынға
                  соғады.  Алайда,  сол  қиыншылықтарға  қарамастан  ақын өзінің поэзиясынан
                  медет іздеп, өлеңге деген шексіз махаббатына адалдығын сақтап қалады.












                                             Қазақ радиосында қызмет еткен кездері
                         Ақынның  алғашқы  жыр  жинағы  33  жасында  жарық  көрген,  қаламы
                  жазудан босамаған ақынның одан кейін сегіз жыр жинағы 1964-1976 жылдар
                  аралығында жарық көреді. Жалпы, М.Мақатаевтың 1000-нан астам өлеңдері,
                  «Ильич»,  «Мавр»,  «Аққулар  ұйықтағанда»,  «Райымбек!  Райымбек!»,
                  «Моцарт. Жан азасы» және тағы да басқа бірқатар поэма-толғаулары, көркем

                                                                 7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12