Page 6 - Zhadymasyn_zhaqsy_aga
P. 6
қиындықсыз түскен, әуелі ҚазМУ–дың филология факультетіне, одан кейін
шет тілдер институтына, содан соң қайтадан ҚазМУ-дың заң факультетіне
түседі. 1973 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институтының
студенті атанады. Бірақ, оны да аяқсыз қалдырған. Жалпы оның кез-келген
оқу орнына оңай әрі тез түсіп кетуінің себебі ақынның оқу-білімге деген
құштарлығы мен қабілет – қарымының зор болғандығын дәлелдейді.
Ақынның еңбек жолы өзі туып өскен жер Қарасаздан басталады
алғашқыда ауылдық кеңес хатшысы, бастауыш мектепте орыс тілінің
мұғалімі, аудандық газеттің тілшісі қызметтерін атқарады. Және осы
ауылдық кеңес хатшысы қызметінде жүргенде ақын өзінің асыл жары
Лашынды кездестіреді.
Қарасаз ауылында орыс тілінің мұғалімі қызметінде
Лашын (шын есімі Ләзиман) Әзімжанова өзінің естелігінде: «1948
жылы Ұлы Октябрь революциясының 31 жылдығына орай, колхоздың
талантты жастары мен ұстаздар коллективінің қатысуымен концерт
ұйымдастырылды. Біздің алғашқы таныстығымыз осы ұлы мерекеден
басталды. Мұқағали музыканы жақсы түсінетін және де тамаша қоңыр
дауысымен халық әндерін төгілтіп тұрып орындайтын. Бізді табыстырған да
сол халық әндері» , - дейді. Сөйтіп, ақын махаббаты Лашынмен қосылып,
1949 жылы екеуі отау құрған. М.Мақатаев болашақ жарын алғаш көргенде 17
жаста ал, сүйікті жары Лашын 21 жаста болған. Ақынның алты баласы
дүниеге келген, бірақ екі үлкен қызы ерте қайтыс болып, артында Жұлдыз,
Алмагүл, Айбар және Шолпан есімді балалары қалған.
Мақатаевтар отбасы 1960 ж.
6