Page 90 - Сборник эссе
P. 90
кеңес», «Өнегелі өмір» атты естелік-дерек, әңгіме
қолжазбалары – асыл қазына, сарқылмас байлық.
Атамның маржандай мағыналы сөздері, ізгілікті
аманаты мәңгілік есте.
- «Бұл кітаптарды, қол жазба деректерді оқып,
қағаз бетіне түсірілген ақыл-кеңестер мен естеліктерді
көңілге тоқып, әр жеті сайын, айына, жылына өмірлік
өлеңдерді жаттап, ондағы тағлым аларлық үлгі-
өнегелерді ескеріп, инабатты адамгершіліктің жолы-
нан ауытқымауларыңды қалар едім. Бұған қосарым,
әке мен ананың қадірін білетін жасқа жетіп, неме-
ре сүйіп отырсыңдар. Жас буынның көкірегі оянып,
жастайынан күнделікті тәлім-тәрбиеге айналдырса,
өмір сынақтарынан сүрінбей өтетін жолдары ашық,
ойға алған ізгілікті мұрат-арманға жететіндеріңе кәміл
сенемін».
Ата аманаты – ұрпаққа үлгі-өнеге. Жас өскін
буынға дәріс болары сөзсіз. Мұхамедия атаның аса
қуанарлық сәті, ғасырлар бойы бабаларымыз арман-
дап, көксеп азаттыққа жеткен Тәуелсіздіктің алғашқы
оншақты жылдарын көріп кетті. Сондықтан да бүгінгі
Қазақ елінің тыныс-тіршілігін жырына қосты.
Қазақстан, ерікті ел осы бүгін,
Бодандықтың түсірген ауыр жүгін.
Қуанышпен келеміз алға басып,
Көтеріп еркіндіктің көкшіл түсін.
Ұлан-байтақ Қазақстан – Отаным,
Шығып келеді биігіне жотаның.
Асты кен, үсті байлық тұнып тұрған,
Ғаламға таныстырған ел атағын.
Кең пейілді, қонақжай қазақ елім,
Қоныстанған әр халық барша жерін.
Ата-баба бұл жерді жаудан қорғап,
Ұрпаққа қалдыруға төккен терін.
Жастар біздің келешек – ұланымыз,
Мәңгілік болу ұранымыз.
Қадірлейміз, қорғаймыз Ұлы Отанды,
89