Page 89 - Сборник эссе
P. 89
мойын бұрдық. Сексеннің сеңгіріне аяқ бастық, сала-
уатты өмір сүрдік. Міне, Қайренура екеуміздің тату-
тәтті бірлесіп, тәрбиелеп өсірген тоғыз баланың бүгінгі
игілікті, қуанышты берекесін көріп масайрадық. Неме-
ре сүйіп, жұбаныш таптық. Еңбек зейнетінің ырзық-
несібесімен бөлістік. Тәубе деп Аллаға шүкіршілік
еттік».
Қазақ ақсақалының дуалы аузынан шыққан:
«Қосағыңмен қоса ағар» деген бата тілеу сөзі осы
болар, шіркін! Ерлі-зайыпты жұптың 58 жылдай
отбасылық ғұмыр кешіп, өмірге әкелген үш ұлды, алты
қызды өсіріп-жеткізіп, олардан тараған ұрпақтарының
қызығына кенеліп өткен бақытты, жаны жомарт жан-
дар.
Сүйікті де сүйкімді Қайренура – әжем ұлт ұясы
Ұлытаудағы орта мектебінде 30 жыл бойы тапжыл-
май ұстаздық етті. Жас буын ұрпақ тәрбиелеуде
теңдесі жоқ үлес қосқан ұлағатты ұстаз. Ерен еңбегі
бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақ ССР-
нің білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
«Еңбек ардагері», «Ана даңқы» белгілердің иегері
атанды. Алтын құрсақты аяулы асыл әжем – Ба-
тыр ана, отбасының ұйытқысы, атамыздың сенімді
серігі, бала-немерелерінің адастырмас ақылшысы
– абзал ана, әзиз әже бола білді. Ел-жұртының
сый-құрметіне бөленгені айғақ. Ал, атам болса
Жезқазған жұртшылығына «Сарыарқа», «Мысты өңір»
баспасөз беттерінде тәрбиелік мәні мол салт-дәстүр,
адамгершілік, имандылық тақырыбында жиі мақала-
әңгімелер жариялайтын. Ел азаматы, ардагер ақсақал
– Мұхамедия атамның айналасында төңіректейтін
үйірсек оқырман қауым тобы топтасатын. Сондықтан
ел-жұрты құрметтеп сыйлады.
Атамның «Зілсіз әзіл-жан азығы», «Өмірбаяндық
естеліктер», «Өткеннен өрнектеліп өрілген өмір-
өлең», «Ұлт ұясы Ұлытаудың ұлағатты ұландары»
атты кітаптары жарық көрді. «Қазақы салт-дәстүрлік
88