Page 88 - Сборник эссе
P. 88
қызметін атқарды. Әрбір істелген тынымсыз еңбегінің
нәтижесінде, талай-талай айтулы жетістіктерге жетіп
отырды.
Әсіресе, жетпісінші жылдары әлеуметтік-
тұрмыстық қызмет көрсету мекемесінде басшылық
қызмет еткенде, ұйымдастыру қабілетінің асқар
биігінен көрінді. Жас кадрларды қарамағына көптеп
тартып, еңбектің жарқын жолына баулыды. Олар туған
өлкенің өркендеуіне қызмет етті. Орталықтан шалғайда
жатқан ауылдағы малшылардың әлеуметтік жағдайына
көңіл бөліп, игілікті жұмыстар атқарды. Кейінірек
Ұлытау совхозында бас экономист қызметінде болып,
зейнеткерлікке шықты.
Мұхамедия Бірманұлы саналы ғұмырының 40 жыл-
дан астам уақытын өзінің туған Ұлытау аймағының
өркендеуіне, ауылшаруашылығының дамуына арна-
ды. Сан алуан мемлекеттік марапатқа ие болды, еңбек
ардагері атанды.
Атамның өзі туралы жазған қысқаша ғұмырнамасын
ұсынамын.
«Біз 7 ақпан 1950 жылы Қайренура екеуміз
шаңырақ көтеріп, отау құрдық. Өткен уақыт ішінде біз
өмірде кездескен белес-асулардан асып, ойлы-қырлы
жолдардан қол ұстасып, бірге өттік. Өмір кезеңдердің
ащы-тұщы дәмін таттық. Қамшының сабындай қысқа
ғұмырдың заулап өтіп жатқанын сезіндік. Өмір сүру
– бір мезет қас-қағым уақыт сияқты болатыны-
на көз жетті. Отыз жаста отау тігіп, үй иесі болып,
бала-шағалы болдық. Қырық жастың қыр-асуына
шығып, біреуден ілгері, біреуден кейін өмір кештік.
Елу жаста аға буын болып, туыс-туған, ағайын, ел-
жұртқа қадіріміз арта бастады. Ел ағасы атандық.
Алпыс жаста – төрге шықтық. Пайғамбар жасынан
асып, ақсақалдық дәуір басталды. Жетпіс жаста –
тоқтадық, тоқырадық. Адалдық пен әділеттілік, үлгілі
ұлттық әдептің жолын ойладық. Кейінгі буынға жол
бердік. Алла жолын, мұсылмандық парызды өтеуге
87