Page 9 - Qazaq_adebieti
P. 9

үшін  құндылықтары,  сол  ақпаратты  жеткізіп  отырған  мақала  авторының
                  қоғамдағы орнына, өмірлік позициясына, ондағы көтеріп отырған мақаланың
                  қаншалықты білетіндігіне, жалпы білім  дәрежесіне  тағы басқа  қасиеттеріне
                  тікелей байланысты.
                        Иә, еліміз тәуелсіздік жолында қанша күресті. Тарихты айтпасақ болмас.
                  Сондықтан қысқаша айту парыз. Кеңестік дәуірде де тынши алмай, дүркін-
                  дүркін толқын соғып тұрған ұлт-азаттық қозғалыстардың ең соңғы шыңы, ең
                  ақыры, қайғылы да жеңісті көрінісі 1986 жылғы желтоқсанға дөп келді.
                        Желтоқсан қозғалысы жазушылардың ой-өріс пайымынан ұшқын алып,
                  зиялылар арқылы жастардың арасына тарап, белгілі дәрежеде ұлттың ойлау
                  жүйесін  қалыптастырды.  Желтоқсан  оқиғасы  өзінен-өзі  пайда  болған  жоқ.
                  Әсіресе,  17-18  желтоқсан  күні  жастардың  ереуілінен  кейін,  ол  салмақ
                  дерліктей қаламгерлердің мойнына түсті.
                        Желтоқсан  оқиғасы  өткенен  соң  он  күннен  кейін  Колбинмен  өткен
                  кездесуде  сөз  сөйлеген  Жұбан  Молдағалиев,  Сафуан  Шаймерденов,
                  Қалмұхан  Исабаев,  академик  Салық  Зимановтар  оқиғаға  сондай  ұлттық-
                  әлеуметтік нысаналық негіз қалады. Олар империяның жазалау саясаты мен
                  өктемдік пиғылына тойтарыс берді. Жазушылар одағы рухани қарсылық пен
                  ұлттық қозғалыстың  бірден-бір  ұйытқысына  айналды. Шерхан  Мұртазаның
                  «Алаңнан  әскерді  әкетіңдер»,  С.Бердікұловтың  «Талай  сұқ  саусақты
                  көргенбіз.      Шошайтпаңдар!»,          Досхан      Жолжақсыновтың            «Жазалауды
                  тоқтатыңдар!»,  Олжас  Сүлейменовтың  «Хатшылық  –  Қазақстанның
                  ұстамады  дертіне  айналды!»,  -  деген  сияқты  қанатты  сөздерін  әр  адам  бір-
                  біріне сүйсіне айтып жүрді.
                        Еліміз  тәуелсіздік  мемлекетке  айналған  соң  баспасөз  бостандығы,  ой-
                  пікір алуандығы басқаша болды. Адамдардың жаңаша ойлау. Өткен-кеткенді

                  қайта бағалау бұқаралық ақпарат құралдарының да, әдебиет пен өнердің де
                  дамуына,  өркендей  жаңаша  сипат  алуына  өз  ықпалын  тигізді.  Жергілікті
                  жерледің  мерзімді  басылымдарға  редакцияға  әр  алуан  көзқарастар,  атап
                  айтқанда  ондағы  тіл,  дін,  салт-дәстүр,  экономика,  әлеуметтік  жағдайға
                  байланысты  тың  ойлар  айтылды,  олар  «Қазақ  әдебиетіне»  жариялана
                  бастады.  Күні  бүгіне  дейін  осындай  тақырыптар  халқымыздың  көкейінен,
                  күнделікті тұрмысынан алынып газетке жарияланып тұрады.
                        Танымал талант иелері, жазушылар Төлен Әбдіков пен Оралхан Бөкей
                  бас редактор болған тұстағы газеттің қыруар жүкті көтергеніне көз жеткіздік.
                  «Қазақ әдебиеті» - елдің тек әдеби өмірін, әдебиет саласындағы жаңалықтар
                  мен  ақын-жазушылар  шығармаларын  жариялайтын  салалық  басылым
                  шеңберінен  шығып,  халқының  тағдыры  хақында  салиқалы  сөз  қозғайтын
                  бүкіл ұлттық басылым деңгейіне көтерілді.
                        Дәл осы кезеңде қазақ публицистикасының дамуына да жаңа бір дәуір
                  басталды. Ол - озат ойдың, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық
                  маңызы мәселелерді көтерген де ғана, оның әсер ықпалы зор болатындығы
                  белгілі.  Сондықтан  90-шы  жылдардағы  ең  өзекті  мәселелерді  алға  тартқан.
                  Жалпы,  90-шы  жылдардағы  қазақ  баспасөздерінде  көрініс  тапқан  негізгі

                                                                                                              8
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14