Page 4 - Qazaq_adebieti
P. 4

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» газетінің өткені мен бүгіні


                        Қазақ халқына ғана тән, өзіндік ерекшелігі мол, төл деректеріміздің бір
                  тобын  ұлттың  мерзімді  басылымдары  құрайды.  Яғни  мерзімді  басылымдар
                  біздің  қоғамызда  үлкен  рөл  атқарады.  Олардың  ішінде  «Қазақ  әдебиеті»
                  газеті бар.
                        Біздің  қым-қуыт  оқиғаларға  толы  өткен  XX  ғасыр  үшін  1934  жылдан
                  қазіргі уақытқа дейін сақталып қалу дегенің ұзақ ғұмыр, ауыр жол екені рас.
                  Ал  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  өзіндік  ерекше  тарихы,  тағдыры  бар,
                  басқаларға ұқсай да қоймайтын, орны бөлек басылым екені де рас.
                        XX  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  рухани  көсемі  Ахмет
                  Байтұрсынұлы  «Қазақ»  газетін  шығарды.  Алдына  үлкен  мақсат  қойды  –
                  туған халқын ояту, әрі көш бастау қажет болды. Сол кезде елдің ой - тілегін
                  осы  газет  білдіріп,  жол  сілтеп  отырды.  «Қазақ»  газеті  жабылғаннан  кейін
                  тура  он  жеті  жылдан  соң  қайта  жарық  көрді.  «Қазақ  әдебиетін»  «Қазақ»
                  газетінің тікелей мұрагері деуге толық айтуға болады.
                        Газет  өзінің  алғашқы  санынан  бастап-ақ  әдебиетіміздің  ең  таңдаулы
                  өкілдерін өз маңына топтастыра білді. Осы жөнінде кезінде Ғабит Мүсірепов
                  былай  деп  жазған  еді:  «Біраз  уақыт  әдебиет  газетінде  жауапты  редактор
                  табуға кетті. Біздің ішімізде нағыз журналист Би ағаң болатын. Ол қашанғы
                  әдеті бойынша басқару жұмысына жолағысы келмейді. Сәбит оқуда. Аяқтап
                  келгенде мен жегілетін болдым. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет
                  Майлин,  Ілияс  Жансүгіров,  Ілияс  Қабылов,  Әйтеке  Мусин,  Мұхаметжан
                  Қаратаев және мен кірдім. Мұхаметжан жауапты хатшы, мен редактор болып
                  тағайындалдым».
                        Газеттің алғашқы санында «Қазақ әдебиеті» — ұлт мәдениетін көтеруде
                  үлкен орын алсын» деген сөз беташар ретінде үлкен әріптермен теріліп еді.
                  Алғашқы санынан-ақ газеттің мақсаты осылайша айқындалды. Мақсат барда
                  оның жүзеге асып, орындалуы бар. Осы орайда «Қазақ әдебиеті» талай тар
                  жол  тайғақ  кешуден  өтті.  Ойлағанын  орындай  алмаған,  көксегенін  айта
                  алмаған  кездері  де  аз  болмады.  Ол  үшін  газет  емес,  сол  кездегі  «қызыл
                  саясат»  кінәлі.  Қалай  десек  те,  газет  өзінің  түпкілікті  бағыт-бағдарынан,
                  көздеген  нысанасынан  ауытқып  көрген  емес. «Қазақ  әдебиеті»  —  бізге сол
                  қасиеті үшін де қымбат.
                        Газеттің  шығуына  басшылық  жасаған  Сәкен  Сейфуллин,  Бейімбет
                  Майлин,  Ғабит  Мүсірепов.  Сөйтіп  алып  тұлғаларымыздың  бастамасымен
                  1934 жылдың 10 қаңтарында «Қазақ әдебиеті» газеті дүниеге келген.
                        Алғашқы  жылдары  «Қазақ  әдебиетінің»  белгілі  бір  ретпен  шығатын
                  жүйесі қалыптаспады. Соның салдарынан әр жылдағы саны әр түрлі шығып
                  тұрды. Мысалы; 1934 жылы 31 саны шықса, 1935 жылы - 35, 1936 жылы - 50,
                  1937 жылы - 54, 1938 жылы - 17, 1939 жылы - 2, 1940 жылы - 6 саны жарық
                  көрді.  Айта  кетері  1936  жылғы  алғашқы  санында  бірінші  беттің
                  маңдайшасына  «бес  күнде  бір  рет  шығады»  деген  мәлімет  келтірілген.
                  Алайда түрлі себептерге байланысты бұл жүйе сақталмады. Басылымның әр


                                                                                                              3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9