Page 6 - Qazaq_adebieti
P. 6

Сондықтан  да  «Қазақ  әдебиеті»  иісі  қазақ  халқының  рухани  байлығы,
                  тарихы деп білеміз.
                                            Газеттің қалыптасуы мен дамуы

                        Жиырмасыншы  жылдардың  басында  газеттер  шығару  қауырт  қолға
                  алынып  көптеген  басылымдар  дүниеге  қаулап  келе  бастады.  Жазушылар
                  қатары  көбейе  бастағанымен  олардың  баспасөзі  болмай,  губерниялық
                  газеттерде  жұмыс  істеді.  Алайда  өз  басылымы  керек  екенін  сезген
                  жазушылар қауымы осы мәселені көтереді. Әуелі «Жыл құсы»  альманахын
                  шығарушы қос қоладан оның «Жаңа әдебиет» содан соң «Әдебиет майданы»
                  журналы  жарық  көрді.  Сонда  да  олқылық  сезіліп  тұратын,  әдебиет  өнер
                  мәселелерін  жедел  көтеріп,  көрсетіп,  қым-қуыт  өмір  қарбаласынан  қалмай,
                  ой-пікір  қозғап,  қоян  қолтық  араласып  отыратын  орган  –  газет  керектігі
                  ойландырады. Оны шығару, шығаруға рұқсат алу оңай емес еді. Себебі, ол
                  кезде (қазақ халқын) республиканы Голощекин билеп тұрған кезеңде (1925-
                  1932)  жүргізген  солақай  саясаттың  салдарынан  зардап  шекті.  Әсіресе,
                  ұлтжанды  әдебиет,  мәдениет  қайраткерлері  түгелге  жуық,  «ұлтшыл»,
                  «ескішіл»  деп  айыпталып  қуғын  көрді.  Бұл қуғын  сүргін  кез  1932  жылдың
                  аяғында  Голощекиннің  республика  басшылығынан  кеткенге  дейін  созылды
                  да, ұлттық әдебиетімізге орны толмас үлкен зиян келтірді.
                        1933 жылдың бас кезінде Голощекин кетіп, орнына Л.И.Мирозян келіп,
                  жылылықтың лебі ескенде көптеген ойда пісіп, толғағы жеткен мәселелерді
                  қоюдың  күні  туды.  Мирзоянның  келуі  ел  өміріндегі  жаңа  бір  жарқын
                  дәуірдің басталуына ұйтқы болды. Осы тұста арман еткен бақытымызға орай
                  ел ағалары «Қазақ әдебиеті» газетін ашуға кірісті. Газет тарихының ауқымы
                  өте  үлкен.  1932  жылы  26  ақпанда  Қазақстанның  бүкіл  жазушылары  мен

                  аудандық газет редакторларының тұңғыш басын қосқан алқалы жиын болды.
                  Онда  Қазақстанда  шығатын  баспасөздің  жайы  талқыланып,  қазақ
                  пролетариат  жазушыларының  міндеттерін  айқындау  және  сол  тұстағы
                  тұңғыш қаламгерлер ұйымы - қазақ пролетар жазушылар қауымдастығының
                  (ҚазАПП)  жұмысын  қайта  құру  мәселесі  көтерілді.  Бұл  ҚазАПП  дегеніміз
                  Ғабит Мүсіреповтің сөзімен айтқанда «жауыр атпен жайдақ шапқандар озып
                  нағыз көркемсөз шеберлері шетқақпай қалған бір солақайлау ұйым» болған.
                  Солақайлығы  сол,  ол  ұйымға  басқаны  былай  қойғанда,  тіпті  Ильяс
                  Жансүгіров,  Мұхтар  Әуезов,  Бейімбет  Майлиннің  өзі  мүшелікке
                  қабылданбай келген екен. Осы 1932- жылғы жиында жұртқа әдеби басылым
                  қажеттілігі алғаш рет сөз болды.
                        Сол тұста қабылданған ВКП(б) Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет
                  ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысына сәйкес, жікшілдікпен айналысқан
                  бұрынғы  пролетар  жазушылар  қауымдастығы  таратылды.  Оның  орнын
                  басатын жаңа ұйым – Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру комитеті
                  құрылып, өзінің бірінші Пленумын өткізді, онда Ильяс Жансүгіров «Әдебиет
                  ұйымдарын қайта құру және советтік Қазақстан жазушыларының міндеттері»
                  атты тақырыпта қалын бұқаралы идеялық – көркемдік бағытта тәрбиелейтін,

                                                                                                              5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11