Page 11 - Qazaq_adebieti
P. 11

«Қазақ әдебиеті» газетінің әр жылдардағы бас редакторлары:

                        1.      Ғабит Мүсірепов – 1934 қаңтар – шілде.
                        2.      Бейімбет Майлин – 1934 шілде, 1935 наурыз.
                        3.      Сәбит Мұқанов – 1935 наурыз. 1936 қазан.
                        Ескерту: газеттің бұл кезеңдегі кей сандары Қадыр Қуанышұлы, Өтебай
                  Тұрманжанұлы,  Тайыр  Жароков,  Жақан  Сыздықовтар  уақытша  жауапты
                  редактор ретінде қол қойып отырған.
                        4.      Бейімбет Майлин – 1936 қараша, 1937 шілде.
                        Ескерту: Б.Майлин 1936 жылғы 29 желтоқсанда шыққан газет санынан
                  кейін  көрінбей  кетіп,  алты  ай  бойы  қол  қоймаған.  Бұл  мерзімде  жауапты
                  редактордың  орынбасары  Тайыр  Жароков,  уақытша  редакторы  Өтебай
                  Тұрманжанов  алма-кезек  газетке  басшылық  жасап  отырыпты.  «Қазақ
                  әдебиеті»-нің Б.Майлиннің қол қоюымен шыққан соңғы саны – 1937 жылдың
                  30-шілдесі.
                        5.      Асқар Тоқмағанбетов – 1937 желтоқсан, 1938 сәуір.
                        Ескерту:  белгісіз  себептермен  уақытша  жабылып  қалған  әдеби
                  басылымның  1939  жылғы  алғашқы  саны  желтоқсан  айының  21-і  күні  ғана
                  жарыққа  шықты.  Жыл  соңында  жарық  көрген  газеттің  екі  санында  да
                  жауапты редактордың аты-жөні көрсетілмеген.
                        6.      Әлжаппар  Әбішев  –  1940  қаңтардан  «Қазақ  әдебиеті»  жабылып
                  қалғанға дейін бас редактор болған.
                        Ескерту: газет 1940 жылы жабылып, араға он бес жыл салып, 1955 жылы
                  14-ші қаңтарда қайта шыға бастайды.
                        7.      Сырбай Мәуленов – 1955 қаңтар, 1957 наурыз.
                        8.      Ісләм Жарылғапов – 1957наурыз, 1958 қыркүйек.
                        9.      Әбділда Тәжібаев – 1958 қазан, 1959 наурыз.
                        10.     Зейнолла Қабдолов – 1959 сәуір, 1960 қараша.

                        11.     Жұмағали Сайын – 1960 желтоқсан, 1961 шілде.
                        12.     Жұмағали Ысмағұлов – 1961 тамыз, 1963 наурыз.
                        13.     Әбен Сатыбалдиев – 1963 сәуір - қазан.
                        14.     Әзілхан Нұршайықов – 1963 қараша, 1965 мамыр.
                        15.     Қапан Сатыбалдин – 1965 мамыр, 1967 наурыз.
                        16.     Нығмет Ғабдуллин – 1967 сәуір, 1969 тамыз.
                        17.     Сәкен Жүнісов –1969 тамыз, 1970 ақпан.
                        Ескерту:  Осы  мезгілде  проза  бөлімінің  меңгерушісі  болып  істеген
                  С.Жүнісовтың  айтуынша,  ол  бас  редактордың  міндетін  атқарушы  болып
                  отырған.
                        18.     Әнуар Әлімжанов – 1970 тамыз, 1973 наурыз.
                        19.     Сырбай Мәуленов – 1973 наурыз, 1977 сәуір.
                        20.     Сайын Мұратбеков – 1977 сәуір, 1980 қазан.
                        21.     Шерхан Мұртаза – 1980 қазан, 1989 қараша.
                        22.     Төлен Әбдіков – 1989 қараша, 1991 қазан.
                        23.     Оралхан Бөкей – 1991 қазан, 1993 мамыр.

                                                                                                             10
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16