Page 12 - Qazaq_adebieti
P. 12
24. Ахат Жақсыбаев – 1993 шілде, 1997 қараша.
25. Жұмабек Кенжалин – 1997 желтоқсан, 1999 маусым.
26. Жүсіпбек Қорғасбек 1999 маусым, 2002 мамыр.
27. Ұлықбек Есдәулет – 2002 мамыр, 2008 ақпан.
28. Жұмабай Шаштайұлы – 2008 ақпан, 2017 тамыз.
29. Жанарбек Әшімжан – 2017 тамыз, 2018 шілде.
30. Дәурен Қуат – 2018 шілде
Қазақ жазушыларының «Қазақ әдебиеті» газеті туралы пікірлері:
«Қазақ әдебиеті» бүгінгі күні бүкіл қазақтың ұлттық газеті болып отыр.
Ұлттың рухани өмірі, тіршілігі, өмір сүру жағдайлары түгелдей көркем
әдебиет бетінен табылады десек, соның алғашқысы нұсқалары қалың
оқырманға осы газет арқылы жетіп келеді. Сөйтіп, ол тек әдебиет газеті ғана
емес, бүкіл халықтық, ұлттық газетке айналды. «Қазақ әдебиеті» халықтың
сүйіп оқитын себебі де осында
Серік Қирабаев
«Қазақ әдебиеті» – 80 жыл жасаған жарқын, жалпы халықтық басылым.
Шынтуайтында ақылмен басылым әрқашан да туған халқымызға деген
жанашырлықтың көрінісі болып келеді. Әр қаламгерді қайраткер болуға
ұдайы шақырып отыратыны көңілді көншітіп, риясыз мерейімізді өсіреді.
Туған әдебиетімізді жан - жақты дамытуға ұдайы ұмтылып, қаламгерлер мен
сыншыларға қозғау салуға тырысып отыратын да ризашылығымызды
тудырады. Жанр - жанрымызды әр тараптан көріктендіруге, әрқашан
маңдайымыздың терін күні-түні төгіп, асыл мұра боп қалатын жана
туындыларды жарыса жасауға борышты екенімізді ұмытпайық. Соның бәріне
мұрындық болатын, қаламгер атаулының басын қосып отыратын
басылымның ғұмыры ұзақ болсын!
Мұзафар Әлімбаев.
«Қазақ әдебиеті» газеті ең жақсы көретін, жаныма жақын
басылымдарымның бірі. Біз және құрдаспыз. «Қазақ әдебиеті» жылдың
басында сексен жасқа келіп отырса, менің осы жылдың аяғында сексенге
келмек ойым. Бұл басылымды көп жылдан бері, тұрақты түрде жазылып
оқимын.
Герольд Бельгер
«Қазақ әдебиеті» туралы айтқанда, ең алдымен, қазақ деген сөз есіме
түседі. «Қазақ» мен үшін ең қасиетті сөз, менің махаббатым деп айтуға
болады. Екінші сөз – әдебиет. Мен жазушы болуды бала кезімде армандағам.
Сол арманыма жеттім деп ойлаймын.
Әкім Тарази
11