Page 5 - Qazaq_adebieti
P. 5

нөмірі арасындағы уақыт мөлшері 6-9 күн, кейде 10-13 күнге созылған. Ал,
                  басылымның   таралымы  алғашқы  жылдары  –  1934  жылы  1  мыңнан  3  мың
                  көлемінде  болса,  1935  жылы  3500-ге  жеткен.  «Қазақ  әдебиеті»  1940-1954
                  жылдар  аралығында  шығуын  тоқтатып,  1955  жылдың  қаңтарынан  бастап
                  қайта  басыла  бастады.  Сол  жылы  Сырбай  Мәуленовтың  редакторлығымен
                  газеттің 51 саны жарық көреді. Ал, 1956 жылдан бастап қазіргі күнге дейін
                  аптасына бір рет шығатын жүйе қалыптасқан.
                        Қазақ әдебиетін дамыту жөніндегі жемісті жұмысы үшін басылым 1984
                  жылы,  өзінің  50  жылдық  мерейтойында  «Халықтар  достығы»  орденімен
                  марапатталған.
                        «Қазақ  әдебиеті»  -  ұлтымыздың  рухани  айнасы,  еліміздің  әдеби  һәм
                  мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым. Апталық өнер сүйгіш оқырман
                  қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде елеулі рөл атқарды.
                        Газет қазақ әдебиетінің жоғары идеялық көркемдік сапасын арттырып,
                  көркем өнердің өмірді танытушылық рөлі мен эстетикалық - тәрбиелік мәнін
                  арттыру  үшін  күреседі.  Әдебиет  пен  өнердің  халық  өмірімен  тығыз
                  байланыста        болуына       көмектеседі.       Газет     беттерінде      қазақ      ақын
                  жазушыларының  өлең,  жыр,  дастандары,  әңгіме,  очерктері,  роман,
                  повестерінен  үзінділер,  байырғы  мәдени  қазынамыздың  ел  аузында  жүрген
                  асыл  үлгілері,  көне  тарихымызға  қатысты  деректер  мен  археологиялық  -
                  этнографиялық  мұралар,  қазақ әдебиетінің  өткені мен  бүгіні және  келешегі
                  жайлы байыпты әдеби - сын мақалалар; елдік елеулі мәселелер - қоғамдық-
                  саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде публицисттік өткір ой-толғаулар,
                  дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады.
                        Сонымен  бірге,  оқу-ағарту,  білім,  ғылым  саласындағы  әралуан
                  көкейкесті  мәселелерді  сөз  етеді.  Кино,  театр,  сымбат,  қолөнерінің  келелі

                  тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат
                  жүргізіп,  олардың  жаңа  шығармашылық  туындыларын  оқырмандарға
                  таныстырып отырады.
                        «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  айдарлары  жылдың  әр  уақытына,  тарихта
                  қалған  күндерге  байланысты  әр  санында  әртүрлі  беріліп  отырады.  Бірақ
                  олардың  атаулары  өзгермеген  мағыналары  бір.  Мәселен,  «Жетіген»,
                  «Мемлекет»,  «Сұхбат»,  «Тұлға»,  «Саз  әлемі»,  «Поэзия»,  «Проза»,
                  «Жаңғырық»,  «Мәселе»,  «Тағзым»,  «Руханият»,  «Өнер»,  «Өмір  -  өзен»,
                  «Қалжын қалта» айдарлары беріліп отырады.
                        «Қазақ  әдебиеті»  газеті  тарихтың  айнасы.  Еліміздің  рухани  әдеби
                  басылымдарының  көшбасшысы,  тоқсан  жылдан  аса  тарихы  бар  «Қазақ
                  әдебиеті» газетінің іргесін қалаған бұл басылым зиялы қауымның, өнер сүйер
                  көпшіліктің, ақын-жазушылардың сенімді серігіне айналды.
                        Әрине  шежіресі  мол  рухани  басылым  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің
                  тарихын  зерттеуді  бір  библиографиялық  жадынамаға  сидыру  мүмкін  емес.
                  Сондықтан біздің ұлттық рухымызды биіктете білген әдеби басылым туралы
                  зерттеу  жұмыстарға  тамшыдай  болса  да  үлес  қоса  білсек  мақсатымыздың
                  орындалғаны деп білеміз.

                                                                                                              4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10