Page 10 - Qazaq_adebieti
P. 10
тақырыптар: тәуелсіздік, Қазақстанның территориясының тұтастығы, тіл
саясаты, егемендік, қазақтар туралы, қоғамды жаңғырту жолдары, т.б.
Бүгінде, жазушы Дәурен Қуат басқарып отырған «Қазақ әдебиеті» газеті
заманға сай басқаша сипат алған. Таралымы 10 мыңнан асатын басылым жас
қаламгерлердің шығармаларынан бөлек, шетел әдебиетін кеңінен насихаттап,
ағылшын, жапон т.б әлемдік классикаларды қазақ тілінде сөйлетіп келеді.
Зиялы қауымның көз қуанышы халықтың сүйіп оқитын «Қазақ әдебиеті»
газетінің ғұмырлы жолы үлкен тарих десек те болады. Ахмет Байтұрсынов
айтқандай «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп иә, газетті оқи отыра
ұлт зиялымыздың сөзінің түп негізін түсіне аламыз. Демек, газет өміріміздің
айнасы, күнделікті хабар ететін жеткізушіміз.
9