Page 7 - Qazaq_adebieti
P. 7

біріктіретін дербес басылымның керектігі де қайта – қайта тілге тиек болды.
                  Кейінірек  осы  мәселемен  Сәкен  Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин,  Ғабит
                  Мүсірепов  төртеуі  Қазақстанның  сол  тұстағы  басшысы  Мирзоянға  кіреді.
                  Тәуекелшіл  төртеудің  талап-тілегін  тыңдап,  толымды  сөзіне  тоқтаған
                  Мирзоян  Совнарком  бастығы  Ораз  Исаевты  шақырып алып осы  мәселемен
                  айналысуды  тапсырды.  Міне,  «Қазақ  әдебиетінің»  дүниеге  келуіне  осы
                  кісілер,  ұлтымыздың  ұлылары  ұйытқы  болған  газет  осылай  ашылған
                  болатын.
                        Бір  мың  таралыммен  шыққан  газеттің  алғашқы  нөмірінде  аударма
                  материалдармен  қатар  өлеңдер  мен  мақалалар,  әр  алуан  хабарлар
                  жарияланды.  Ғабит  Мүсреповтің  «Ұлы  дәуірге  үлкен  әдебиет»  атты
                  мақаласы,  Сәкен  Сейфуллиннің  «Кезектегі  істерім»  атты  мақаласы  жарық
                  көрген.
                        Ұлттық көлемдегі газет шығару идеясының XX ғасыр басындағы Алаш
                  зиялыларының  ортақ  идеясы  екенін,  ол  идеяның  өмірлік  қажеттіліктен
                  туындағаны белгілі.
                        «Қазақ  әдебиеті»  алғашқы  жарық  көрген  санынан  бастап  еркін
                  шығармашылық  ойдың  жаршысы  болуға  ұмтылды.  Бірақ  бақылаулар  мен
                  тыйым  салуларға  қарамастан  халықтың  мәні,  ұлттық  сипаты  бар  кейбір
                  мәселелерді өз пікірін астарлап та, ашып та білдіріп қалған тұстары аз болған
                  жоқ.  Мұндай  батылдық  оған  халқымыздың  ірі  тұлғалардың,  әдебиет  пен
                  мәдениет қайраткерлерінің қаламынан дамыды.
                        Қалай дегенімен де, бұл басылым ең алдымен, әдебиет газеті. Ғабит пен
                  Бейімбеттен кейін редакторларының бірі Сәбит Мұқанов айтпақшы: «Сәкен
                  Бейімбет,  Ілиястардан  бастап  бүгінгі  дейінгі  және  болашақтағы  да
                  жазушылардың  халыққа  алғашқы  әйгілі  болатын  орны».  Ал  ақын  –

                  жазушының  ойлайтыны  –  халықтың  қамы  екендігі  ежелден  белгілі.
                  Газеттіміздің  маңдайшасында  «Қазақ  әдебиеті»  деген  атымен  қатар  қазақ
                  ілінің арын арлап, жоғын жоқтап өткен ұлы Абай бейнесін тұруы сондықтан.
                        Газеттің алғашқы санындағы «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруге
                  үлкен орын алсын деген маңдайша сөзінен оның мақсатын айқын аңғарамыз.
                        «Қазақ  әдебиеті»  газеті  түрлі  жағдайларға  байланысты  1940-1954
                  жылдар  аралығында  шығуын  тоқтатып,  1955  жылдың  қаңтарынан  бастап
                  қайта басыла бастады. Бұл кез «тың игеруді» ұрандатып қазақтың даласында
                  келімсектердің көптеп келіп, соның салдарынан жергілікті ұлттың өз жерінде
                  азшылыққа  айналып,  қазақ  мектептерінің  көптеп  жабылып,  тіліміз  бен
                  дінімізден  кетіп,  «түрлі  ұлттық,  мазмұны  социалистік»  мәдениеттің  жасала
                  бастаған  тұсы болатын. Міне ұлт тағдырының  осындай  бір  аумалы-төкпелі
                  қыл  үстінде  тұрған  кезінде  қайта  шыға  бастаған  «Қазақ  әдебиеті»  ұлт
                  әдебиетін,  ұлт  мәдениетін,  ұлт  тілін  ту  ғып  көтеріп  шығып,  тарихи  еңбек
                  сіңірді.
                        «Қазақ  әдебиетінің»  қайта шығуы  халқымыздың мәдени өміріндегі  аса
                  елеулі  ғажап  құбылыс  болды.  Ол  бірінші  сонымен  бастап  –  ақ  өзінің  о
                  бастағы  діттеген  бағытты  –  ұлттық  мәдениетті  көтеру  мәселесін  қайта

                                                                                                              6
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12