Page 8 - Qazaq_adebieti
P. 8

темірқазық  етіп  алғанын  байқатты.  Мұхтар  Әуезовтің  «Сәт  сапарға  дос
                  ниет»,  Ғабиден  Мұстафиннің  «Талант  қанатпен  шарықтайды»,  Ісмет
                  Кеңеспаевтың  «Тіл  байлығы  үшін»  деп  аталатын  мақалалары  басқа
                  газеттерде жазыла бермейтін тың ойларға, соны пікірлерге толы еді.
                        Мұхтар Әуезовтің 1940 жылы жабылып қалып араға он бес жыл салып
                  1955 жылы 14-ші қаңтарда қайта ашылғандығы алғашқы мақаласынан «Қазақ
                  әдебиетін» болашақта қай қырынан көргісі келетінін ағынан жарыла айтып,
                  тілегін білдірген.
                        Осы,  1955  жылдың  14  қаңтарынан  бастап  газеттің  бағыт  –  бағдары
                  түбегейлі өзгерді. Газеттің ен басты назар аударғаны – ел мен жер тағдыры.
                        Газет  сол  кезеңдегі  ұлттың  өзекті  мәселелерін  де  батыл  көтере  білді.
                  Мәселен,  Р.Бердібаевтың  «Ең  үлкен  мәдени  байлық»  (1956,  22  сәуір),
                  Ә.Нарымбетовтың «Ана тілін ардақтайық» (1956, 1 маусым), М.Қаратаевтың
                  «Қайта  қарауды  қажет  ететін  мәселе»  (1956,  10  тамыз),  Партия  тарихы
                  институтының  бір  топ  ғылыми  қызметкерлері  –  Т.Кәкішев,  Р.Сәрсенбаев,
                  Х.Хасенов, Т.Әлімқұлов, А.Байшин, А.Мұқтаров, Қ.Әбілдаев, Қ.Әлиасқаров
                  қол  қойған  «Тіл  мәдениеті»  (1956,  17  тамыз)  атты  атышулы  мақалалары
                  бірінен соң бірі жарық көрді. Бұл жарияланымдар сол кездегі қазақ қоғамын
                  дүр сілкіндірген еді. Алайда, сол материалдар үшін ҚКП Орталық Комитеті
                  1956  жылы  10  желтоқсанда  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  қателіктері  туралы
                  жасырын  қаулы  қабылдап,   газеттің  «саяси  қателігі»  үшін  редактор
                   С.Мәуленов Орталық Комитетте жазаға тартылады.
                        «Қазақ  әдебиеті»  газеті  екі  жойқын  соғыстың  (I  дүниежүзілік  және  II
                  дүниежүзілік соғыстары), Кеңес өкіметінің куәсі болды.
                        Бұған  қосарымыз  «Қазақ  әдебиеті»  газеті  тек  аласапыран  заманның
                  оқиғаларын сырттан қараған бақылаушысы ғана болып қойған жоқ. Ол сол

                  оқиғалардың  ортасында    жүрді.  Қазақ  өмірінің  шежіресіне,  баға  жетпес
                  көзіне айналды.
                        Алайда, елдің рухани-мәдени әлеуетінің дамуына зор үлес қосып, ақын-
                  жазушылардың шығармаларын үздіксіз насихаттап келе жатқан ата басылым
                  қандай  кезеңде  де  өз  бағытынан  жаңылған  емес.  Тіпті,  Халық  жазушысы
                  Шерхан  Мұртаза  басқарып  тұрған  кезде  қазақ  журналистикасына
                  «Шерханның шекпенінен шыққан» дейтін бір толқынды алып келді.
                        Шерхан Мұртаза бас редакторлық еткен 1980-1985 жылдар аралығында
                  «Қазақ  әдебиеті»  газеті  республикамыздың  әлеуметтік-қоғамдық  тіршілігін,
                  төл  әдебиетіміздің  өркендеу  барысындағы  көркемдік  жүйені  жан-жақты
                  көрсетуге көп күш жұмсады.
                        Айталық,  газет  бетінде  әдебиет,  өнер,  тарих  мәселелеріне  арналған
                  Қ.Мұхаметжановтың  «Бұқар  жырау»  (30  шілде  1982  жыл),  Р.Бердібаевтың
                  «Фольклор және көркемдік даму» атты әдеби сыны (16 шілде 1982 жыл) т.б.
                  мақалалары оқырмандардың оң пікірін тудырды.
                        Мерзімді  басылымдардың  деректік  маңызына  әсер  ететін  келесі
                  фактордың  бірі  -  сол  басылымдарды  шығарушылардың  жеке  тұлғалық
                  қасиеттері.  Газет  не  журналдарда  салынған  нақты  ақпараттардың  ғылым

                                                                                                              7
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13