Page 96 - 2023_kzd
P. 96

Петухов  В.  Қарағандының  жаңа  бейнесі  =  Новый  облик  Караганды  =  New  Shape
            Karaganda: [фотоальбом]. - Қарағанды: Рекслайд, 2007. - 124 б.
                  Сарыарқа. Қарағанды облысы = Сарыарка. Карагандинская область = Saryarka. Karagandy
            region:  фотоальбом  /  жоба  мен.  идеяның  авт.  Ә.  Құсайынов;  жауапты  ред.:  Е.  Тұяқов,  В.
            Петухов. - Қарағанда: Гласир, 2012. - 321 б.
                  Қарағанды  бүгін,  сегодня,  today:  фотоальбом  /  жауапты  ред.  В.  Петухов.  -  Қарағанды:
            Гласир, 2014. - 243 б.
                  Балқаш  =  Балхаш  =  Balkhash:  фотоальбом  /  шығ.  жауапты  Ә.  Төкейбекова;  суретші  В.
            Петухов. - Қарағанды: Экожан, 2007. - 127 б.
                  Біз  -  қазақстандықтармыз!  =  Мы  -  казахстанцы!:  фотоальбом:  Қазақстан  халқы
            Ассамблеясына 15 жыл / фото.: В. Петухов, Д. Кузмичев. - Қарағанды: Экожан, 2010. - 400 б.
                  Қарағанды [Кескіндер] / худож. В. Петухов. - Караганда: РекСлайд, [2011-?].
                  Сарыарқа  -  достықтың  мекені  =  Сарыарка  -  колыбель  дружбы:  фотосурет:  Қазақстан
            халықтары Ассамблеясына 10 жыл / худож. В. Петухов. - Қарағанды: [б. ж.], 2005. - 201 б.
                  Қарағанды облысы = Карагандинская область=The Karaganda area: [кітап-альбом] / құраст.
            В.  Петухов;  қаз.  тіліне  ауд.  М.  Хасен;  ағыл.  тіліне  ауд.  А.  Аяпбекова.  -  [Қарағанды]:  ТАиС,
            2006. - 283 б.
                  Петухов  В.  Е.  Қарағанды:  Бүгін.  Сегодня.  Today:  фотоальбом  /  В.  Е.  Петухов.  -
            [Караганда?]: РекСлайд, [2005]. - 131 б.
                                                            ***
                  Петухов В. Сәбидің жымиысы сынды сұлу сәттерді әлі де іздеп келемін...; сұхбат алушы
            Ж. Шалқар // Орталық Қазақстан. - 2022. - 28 маусым (№ 70). - 4 б.
                                            В.Е.Петухов туралы әдебиеттер:
                  Ерболат Е. Таспадағы тарих // Орталық Қазақстан. - 2022. - 26 сәуір (№ 45). - 3 б.

                                                          1953  –  Әбілқас  Сағынов  атындағы  Қарағанды
                                                          техникалық  университетінің  құрылғанына  70
                                                          жыл
                  Бүгінде  Қарағанды  техникалық  университеті  еліміздің  жетекші  техникалық  жоғары  оқу
            орындарының  бірі  болып  табылады  және  беделді  әлемдік  университеттер  рейтингіне  –  QS
            World University Ranking кіреді.
                  Соғыстан кейінгі  елуінші  жылдары Қазақстанның өндірістік күштерінің дамуына, көмір
            және  басқа  минералды-шикізат  ресурстарына  деген  үлкен  сұранысқа,  қара  және  түсті
            металлургияның  құрылысы  және  темір,  мыс,  басқа  да  поллиметалды  рудалардың  жаңа
            перспективалық  кен  орындарының  ашылуына  байланысты  Орталық  Қазақстан  аймағында
            инженерлік  кадрларды  дайындау  мәселесі  өткір  қойылды.  1953  жылы  КСРО  Министрлер
            Кеңесі  тау-кен  мамандықтары  бойынша  инженерлерді  дайындаудың  және  Қарағандыда,
            Пермиде және Тулда тау-кен институттарының ашылуының әрі қарай кеңейді және жақсаруы
            туралы  қаулы  қабылдады.  Осы  қаулының  және  КСРО  мәдениет  Министрлігінің  1953  ж.  9
            шілдесінен № 1223 және 1953 ж. 18 шілдесінен № 1272 бұйрықтары негізінде Қарағанды тау-
            кен институты ұйымдастырылды.
                  Жаңа  тау-кен  институтының  ашылуы  Қарағанды  үшін  ғана  емес  барлық  Орталық
            Қазақстан үшін де үлкен оқиға болды. Биліктің жергілікті органдары жас жоғары оқу орнына
            қажетті назар аударды: оқу сабақтары үшін уақытша бөлмелер берілді, ал студенттер қаланың
            жоғары  оқу  орындарының  және  техникумдарының  жатақханаларына  орналастырылды.
            Құрылған Қарағанды тау-кен институтының бірінші директоры (ректоры) болып Мәскеу тау-
            кен  институтының  доценті  болып  жұмыс  істеген  техника  ғылымдарының  кандидаты  Юнус
            Қадырбеұлы Нұрмұхамедов тағайындалды. Ю.Қ. Нұрмұхамедов – 1934 жылы Днепропетровск
            тау-кен  институтын  бітірген  қазақ  тау-кен  инженерлерінің  бірі.  Институт  директорының
            орынбасары болып бұрын көп жылдар бойы Қарағанды тау-кен техникумын басқарған, техника
            ғылымдарының кандидты Г. Е. Иванченко тағайындалды.



                                                             96
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101