Page 97 - 2023_kzd
P. 97
Қарағанды тау-кен институтында алғашқыда екі: «Пайдалы қазбалардың кен орнын
әзірлеу», «Тау-кен электр механикасы» мамандықтары ашылды. Студенттерді алғашқы рет
1953 жылдың күзінде қабылданды. Сабақтар Бейбітшілік бульвары 22 бойынша кәсіптік
техникалық білім беру мектептерінің бір ғимараттарында, Михайловкада және 32 кварталда
орналасқан жатақханалардың бірінде орналасқан Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір
институтының бөлмесінде жүргізілді.
Тау-кен институтын ғылыми-педагогикалық кадрлармен жасақтау алғашқы жылдары
үлкен қиындықпен жүрді. Институт ашылған жылы оқытушылар құрамы 30 адамды құрады,
оның ішінде 8 ғылым кандидаттары: Ю. Н. Нұрмұхамедов, Н.Ф. Бобров, Б.И. Халепский, Е.А.
Гурьянова, К.В. Струве, Г.Е. Иванченко, М.П. Тонконогов, И.А. Труфанов. Бірінші
оқытушылар М.А. Ермеков, Ш.У. Кан, П.И. Кирюхин, Л.Л. Тимохина, Б.Г. Христенко, С.Г.
Дягтерев, А.Ишмұхамедов, Г.И. Моисеев, Л.Г. Кейтлин, В.Н. Бринза, Н.Я. Снитковский, Ф.С.
Марков, А.П. Ли, С.Л. Серов, Н.Е. Гурин, Р.А. Царева, И.П.Рыбаков, Н.Е. Соколов, Э.П.
Келлер, А.Е. Яковлев, А.Г. Здравомыслов, Т.Е. Гуменюк болды. Оқытушылар И.А. Труфанов,
Б.И. Халепский, М.П. Тонконогов КСРО жоғары оқу орындарының Министрлігінің рұқсат
қағазы бойынша Қарағанды қаласына жіберілді. Философия ғылымдарының кандидаты Н.Ф.
Бобровты партиялық органдар марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі лауазымына
ұсынды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тау-кен институтына жолдама бойынша жас
маман ретінде А.Б. Әкімов, Р.А. Царева, ал орта білім беретін оқу орнында және өндірісте
тәжрибелі бер Ш.У. Кан, Б.Г. Христенко, А.П. Ли, П.И. Кирюхиндер келді.
Кейінгі жылдарда профессорлық-оқытушылар құрамы көбінесе басқа жоғары оқу
орындарынан келген жоғары білікті мамандардың аспирантураны бітірген жастар мен
өндірістен келген тәжрибелі мамандардың көмегімен толықтырылды.
1953 – 1954 оқу жылдары тау-кен инженерлерін дайындауға арналған базалық
кафедралар: «Пайдалы қазбалардың кен орнын игеру және геология, геодезия, маркшейдерия»
(кафедра мең. м.а. И.А. Труфанов); «Жоғары математика және теориялық механика» )кафедра
мең. м.а. Ш.У. Кан); «Сызу геометриясы, графика және металдар технологиясы», «Химия және
физика» (кафедра мең. м.а. Е.А. Гурьянова); «Шетел тілдері» (кафедра мең. м.а. Л.Л.
Тимохина); «Дене шынықтыру және спорт», «Марксизм-лененизм» (кафедра мең. м.а. Н.Ф.
Бобров); «Әскери кафедрасы» (полковник В.Н. Ижин)
Алғашқы жылы сабақтар оқу прцесіне аз бейімделген ғимараттарда жүргізіледі. Өз
күштерімен реконструкция қауырт жүрді: екі дәрісхана, физикалық және химиялық
зертханалар, геология, геодезия, марксизм-ленинизм кабинеттері, сызу залы, спорт және оқу
залдары, кітапханаға арналған бөлмелер еңгізілді.
Бұлармен қатар материалды-техникалық база құрылды. «Қарағанды көмір» Комбинаты
оқу процесі үшін токарь шеберханалары, фрезер станогтары және т.б. станогтар бөлді.
Кафедралар, зертханалар, кабинеттер бірінші оқу жылының аяғына қарай қажетті құралдармен,
саймандармен, жабдықтармен белгіленген.
1995 жылы басшылық ауысты. 1995 ж. 3 наурызынан № 351-К КСРО жоғары білім беру
Министрлігінің бұйрығы бойынша Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып, бұрын
ҚҒЗКИ директоры қызметін атқарған, техника ғылымдарының докторы Ә.С. Сағынов
тағайындалды.
Жоғары білікті кадрларды дайындау мәселесінің табысты шешімге 1996 жылдың аяғында
бірнеше : «Көмір, рудалы және рудалы емес кен орындарын жер асты пайдалану және игеру»,
«Тау-кен машиналары», «Тау-кен металлдарының металлургиялық процестері», «Өндірістің
автоматтандырылуы», «Құю өндірісі» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертацияларды
қорғау жөніндегі Кеңестің құрылуы әсер етті.
Қарағанды тау-кен институтының Қарағанды политехникалық институты болып қайта
құрылуы туралы КСРО Министрлерінің Кеңесімен қабылданған 1958 ж. 31 наурызынан № 127
Қаулысын институттың екінші рет дүниеге келуі болып саналады. Қарағанды политехникалық
институтының ашылуына Орталық Қазақстанда қара металлургияның, тау-кен өндіруші
өнеркәсібінің және машина жасаудың және жаңа инженерлік мамандықтарға өскен
97