Page 20 - 2023_kzd
P. 20

Баласы Ақан Сатаев «Рэкетир», «Ағайындылар», «Ликвидатор»,  «Жау жүрек мың бала»
            т.б. фильмдерді түсірген режиссер. «Сатай-фильм» компаниясының жетекшісі.
                  Қ.Сатаев 2013 жылы 75 жасында өмірден өтті.
                                             Қ.Р.Сатаев туралы әдебиеттер:
                  Жұмағали С. Арқадағы киелі өнер шаңырағы. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 1998. - 198 б.
                  Қазақ күнтізбесі - 2013 / құраст. Н. Оразбек. - Алматы: Қазақстан, 2012. - 384 б.
                  Сатаев  Қарғамбай  Рахымжанұлы  //  Қазақ  мәдениеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.
            Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005 – 533 б.
                  Сатаев Қарғамбай Рахымжанұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия] : энциклопедиясы. -
            Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998 - 2007. - 7 т.: Қ-Н / ред. Б. Ғ. Аяған. -  2005. – 584-585 б.
                  Сатаев  Қарғамбай  Рахымжанұлы  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  Энциклопедия.  -
            Алматы: Атамұра, 2006. – 463 б.
                  Халықтар достығы орденді Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма
            театры: [фотоальбом]. - [Қарағанды?]: [б.ж.], [2017?]. - 240 б.
                                                            ***
                  Жұмабеков К.  Қос тарлан талант // Орталық Қазақстан. - 2015. - 11 маусым (№ 97). - 6 б.
                  Жұмағали С. Көргені жақсы көш бастайды // Театр. kz. - 2012. - № 7. - 40-43 б.
                  Жұмағали С. Қазақ өнерінің қос шынары. // Орталық Қазақстан. - 2002. - 3 сәуір.
                  Жұмағали С. Қос талант - хас талант //  Азия транзит. - 2001. - № 6. - 17-22 б.
                  Жұмағали С. Осы жұрт А. Сатаевты біле ме екен? // Мәдениет. - 2012. - № 8. - 62-63 б.
                  Жұмағали С. Саңлақ салған соқпақ // Орталық Қазақстан. - 2008. - 28 ақпан. - 6  б.
                  Жұмағали С. Ұлы ұстаздың ұлағатты ізбасары // Театр. kz. - 2014. - № 12. - 48-52 б.
                  Исламбекұлы Ә. Өнерлінің қапасы көп, өнерсіздің өкініші жоқ // Замандас. - 1992 . - 22
            мамыр(№10). - 6  б.
                  Оразалықызы  Г.  ..Көшіп  кетті  талайлар  Орталық  Қазақстан.  -  2013.  -  28  қараша  (№
            207/208). - 4 б.
                  Оразалықызы Г. «Біз қарағандылықпыз» // Орталық Қазақстан. - 2008. - 31 шілде. - 6 б.

                                                          6  наурыз  1938  –  Қ.Байжанов  атындағы
                                                          концерттік  –  цирк  бірлестігінің  (бұрынғы
                                                          облыстық  филармонияның)  құрылғанына  85
                                                          жыл
                  Концерттік  бірлестіктің  басты  мақсаты  –  көпшілікті  музыка  әлемімен  таныстыру,
            халықтың көркем өнерге деген талғамын арттыру. Филармония алғашқы жылдардан бері өзінің
            бұл мақсаттарын мүлтіксіз атқарып келеді.
                  1938-ші жылы 6-шы наурызда Қ.Байжановтың атын алған кілең дарындар шоғырланған
            өнер  ұжымы  Қарағанды  облыстық  атқару  комитетінің  Қаулысымен  құрылған.  Алдымен
            филармония  деп  аталған  бүгінгі  бірлестіктің  алғашқы  әншілері  қазақ  даласының  тума
            таланттары  Қали  Байжанов,  Жүсіпбек  Елебеков,  Зәбира  Жұбатова,  Рахия  Қойшыбаева,
            Қосымжан Бабақов, Мағауия Хамзин, Үрия Тұрдықұловалар болатын. Бертінде аға ұрпақтың
            өнер жолын Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Қуан Лекеров, Мағауия Көшкінбаев, Алтын
            Алиева, Кайнекен Әлімбаевалар т.б. жалғастырды.
                  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің  1990  жылғы  16  сәуіріндегі  №148  қаулысымен
            филармонияға Қазақстанның халық артисі Қали Байжановтың есімі берілді. 1994 филармония
            Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік болып қайта құрылды.
                  Филармонияның  алғашқы  директоры  Стародубенко  болды.  Филармонияның  гүлденіп,
            беделінің  өсуіне  барлық  күш-жігерін,  шығармашылығы  мен  ұйымдастырушылық  қабілетін
            жұмсаған филармонияның кейінгі директоры - П.И. Яповицкий. Ол филармонияға 30 жылдан
            астам уақыт басшылық етті. Оған табысты еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет
            қызметкері»  атағы  берілді.  Одан  кейінгі  жылдары  ұжымға  «Қазақстанның  еңбек  сіңірген
            мәдениет кызметкері» Я.М. Симановский басшылық етті.  Жас таланттарды тәрбиелеуге және
            облысымызда  кәсіби-вокалдық  өнердің  дамуына  Қарағанды  филармониясының  алғашқы

                                                             20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25