Page 25 - 2023_kzd
P. 25
Қарағайлы» бағытына қатысатын қазіргі темір жол сол аталған қыстау-жайлауларды ортасынан
қаққа бөліп жатыр.
Мартбек Мамыраев еңбек жолын 1924 жылы он алты жасында бастайды. Кейіннен
Қарағандыда жұмыс істеген. 1931-1934 жылдар аралығында шахтада забойшы, 1934-38
жылдары электрослесарь-механик, 1938-40 жылдары Корней Осипович Горбачев атындағы
№8,9 шахталарда электрослесарь және монтер, кейіннен шахта кәсіподақ комитетінің
председателі болып қызмет етеді. 1940-42 жылдары «Кировкөмір» тресі №3 бис шахтасында
партия жұмысын ұйымдастырушы қызметін атқарады. 1942 жылғы мамырда болашақ
батырымыз майданға шақырылып, сол уақыттан бастап 1944 жылдың қыркүйегіне дейін
үшінші гвардиялық дивизияның 12-полкінде қатардағы жауынгер болып Ұлы Отан соғысына
қатысты.
Қазақ жігітінің алғашқы от кешіп, сынға түскен жері Сталинград түбіндегі шайқастар еді.
Сол жерде жараланып, 1943 жылдың қыркүйігіне дейін емделді. Қайтадан қатарға қосылып, 12-
гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Димитров қаласын азат ету шайқасына қатысты.
Мартбектің атқыштар ротасы әрқашан алдыңғы шептен көрінді. Бірде қалың оқтан жараланған
рота командирі қансырап жатып, басшылықты Мартбекке тапсырды. Осы ұрыста көрсеткен
ерлігі үшін М.Мамыраев Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1943 жылы 29 қыркүйекте Мартбек Днепр өзенінен өту кезінде пулемет оғымен ротаны
қорғай отырып, алдыңғылардың бірі болып 700-800 метрлік ені бар толқынды Днепр өзенін
кешіп өтеді.
Днепрден ұрыспен өту кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін гвардия аға сержанты,
61-ші Армияның 12-ші гвардия атқыштар дивизиясының 32-ші гвардиялық аткыштар полкінің
пулемет расчетінің командирі М.Мамыраевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Жарлығымен 1944 жылғы ақпанның 15 жұлдызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол
Ленин орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Мартбек Мамыраев Киров атындағы шахта партия ұйымын басқарды.
Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды, кеншілер астанасы атқару
комитетінің орынбасарлығына сайланды. Соңғы кезде ол химия-метеллургия институтында
еңбек етті. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің үш бірдей шақырылуында депутат болып сайланды.
1985 жылы зайнеткерлік демалысқа шықты. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы
Мартбек Мамыраев 1989 жылғы 20 қарашада 82-ге қараған шағында қайтыс болды.
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында М.Мамыраев атындағы ауыл , Қарағанды
қаласының Әлихан Бөкейхан ауданындағы әскери-техникалық мектеп Мартбек Мамыраев
атында оның жанында Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың мүсіні қойылған.
Мүсіннің авторы сәулетші Эли Качуев.
2020 жылы 12-і наурызда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай Қарағандының
№68 мектеп-интернатында Мартбек Мамраевтың мұражайы ашылды. Мұражайда сол
уақыттағы құжаттардың фотосуреттері мен көшірмелері ғана емес, сонымен қатар Мартбек
Мамраев қолданған киім-кешек пен ыдыстар қойылған және батырдың мүсіні бар. Бюст
қойылды. Бюстің авторы – Амангелді Серіков. Сондай-ақ, диорама қойылған, оның сюжеті
1943 жылдың қыркүйек айында Днепр өткелінде болған оқиғаны баяндайды. Оны мұражайға
Қарағанды гуманитарлық колледжінің дизайн маманы Мәншүк Біләлова сыйға тартты.
Әдебиеттер:
Мамыраев М. Ердік пен ерлік дастаны // Орталық Қазақстан. – 1981. –21 июня.
Мамыраев М. Есте сақталады // Орт. Қазақстан. – 1966. – 9 мамыр.
М.Мамыраев туралы әдебиеттер:
Айнабеков Қ. Шығармалар : өлеңдер мен дастандар / Қ. Айнабеков ; құраст. А. Тоқпанов.
- Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет , 1955. - 190 б.
Әрінұлы А. Атақоныс-Арқадағы-Шежірелі Қарқаралы: шежіре, тарихи әңгімелер,
естеліктер / А. Әрінұлы. - Алматы: Дәуір, 2003. - 223 б.
25