Page 19 - 2023_kzd
P. 19

қорларында  сақталған.  Қарағанды  облыстық  бейнелеу  өнері  мұражай  қорында  суретшінің  18
            жұмысы сақтаулы.
                  2013 жылы қайтыс болды.
                                           М.М.Әбілқасов туралы әдебиеттер:
                  Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлы // Сарыарқа суретшілері = Художники Сарыарки = Artists
            of  Saryarka:  [альбом]    /  авт.  және  құраст.  Н.  Иванина;  каз.  тіліне  аударған  Б.  Булгакпаева;
            ағылшын тіліне аударған Г. Кабыкенова . - Павлодар: ЭКО, 2006. – 18-21 б.
                  Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлы (1943) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
            ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 145 б.
                  Бір суреттің тарихы = История одной картины : жинақ-альбомы / Қарағанды облысының
            мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі;
            жоба авт. А. С. Омарова. - Қарағанды: [б. ж.], 2019. - 100 б.
                                                            ***
                  Елубаева М.  Бейнесі есте мәңгіге // Арқа ақшамы. - 2015. - 26 ақпан (№ 8). - 8 б.
                  Елубаева М. Табиғаттың өзіндей кемел сурет  // Орталық Қазақстан. - 2019. - 12 ақпан (№
            16). - 8 б.
            Елубаева, М.
                  Есімің есте мәңгіге // Үш қоңыр. - 2021. - 19 ақпан (№ 7). - 8 б.
                  Мадалимов  М.  Қылқалам  шеберінің  көрмесі  ашылды  //  Орталық  Қазақстан.  -  2013.  -  2
            наурыз (№ 33/34). - 8 б.
                                                          28  ақпан  1938  –  2013  Актер,  Режиссер,  ҚазССР
                                                          халық      әртісі    Қарғамбай       Рахымжанұлы
                                                          Сатаевтың туғанына 85 жыл
                  Қ.Сатаев  1938  жылы  Қарағанды  қаласында  дүниеге  келген.  Өз  әкесі  Рахымжан,  атасы
            Сатай, сүйегі Қанжығалы, ата мекені Ерейментау. Әкесі Рахымжан Қарағандыға шахтаға келіп
            орналасқаннан кейін туған баласының атын Қарағандыбай қойған. Жанама аты Қарғаш, лақап
            аты «Қарсақ», әріптестері Қареке деп кеткен.
                  1965  жылы  Алматы  мемлекеттік  өнер  инстутының  (қазіргі  Қазақ  ұлттық
            консерваториясы)  актерлік  факультетін  бітірген.  Мұнда  ол  Қазақстан  театрының  жарық
            жұлдыздарының  бірі,  белгілі  ұстаз,  қазақтың  «Станиславскийі»  атанған  тұңғыш  кәсіпқой-
            режиссер А.Тоқпановтан дәріс алады. Сол жылдан Қарағанды облысы драма театры құрамында
            актер  болып  қабылданады.  Театр  сахнасында  тұңғыш  ойнаған  рөлі  -  М.Хасеновтің
            «Арыстанның сыбағасы» спектакліндегі зоопарк директоры Білеубай.
                  Сәкен  Сейфуллин  театрында  Абылай,  Амангелді,  Дүйсен,Көтібар,  Шыңғыс,  Бегенов,
            Яссон,  Макбет,  Петручио,  Қарабай,  Оразқұл,  Бозтайлақ,  Матай  т.б.  сынды  бас  кейіпкерлерді
            сомдап, дара тұлға, қайталанбас асқан дарын иесі ретінде, режиссерлік қырын «Құндыздының
            Құсайыны»  (1970),  «Қызыл  сұңқарлар»  (1981),  «Қарагөз»,  «Алдар  көсе»,  «Алтыатар»,  «Қыз
            жиырмаға  толғанда»  (1990)  т.б.  сынды  дүниелерді  сахналап  танытты.  Бірнеше  мәрте
            Бүкілодақтық фестивальдердің лауреаты атағына қол жеткізді.
                  1964 жылдан киноға түскен. Жалпы он жуық киноға түсті.
                  Кинотуындыларда да Қарғамбай Сатаевтың есімі алтын әріптермен жазылған. Ол «Батыр
            Баян»,  «Ақ  үй»,  «Крик»  фильмдерінде  шеберлігімен  көзге  түсті.  Аталмыш  шығармалардың
            барлығы қазір тарихи құндылық боп табылады және кино саласының алтын қорында сақталған.
            Кино және театр саласында өзіндік сара жол салған Қ.Сатаев ҚР Мемлекеттік сыйлықтың да
            иегері.
                  Әйелі  Әсия  Абылаевада  А.Тоқпановтан  дәріс  алған,  Сәкен  театрының  бетке  ұстар
            актрисасы, ҚР халық әртісі. Сәкен Сейфуллин театрының атын республикамызға танымал етуге
            көп еңбек сіңірген жан.
                  Қ.Сатаев отыз жасында «Ақан сері» фильміндегі бас кейіпкер Ақанның роліне түсіп, 1971
            жылы сол фильмнен кейін баласының атын Ақан қойған. Ол фильм 25 жылдан артық экранға
            шықпай, осыдан 20 жылдай бұрын ғана «Ас» деген атпен көрермен назарына ұсынылды.



                                                             19
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24