Page 22 - 2023_kzd
P. 22

Ансамбльдің  көркемдік  жетекшісі  болып,  Республикалық  эстрада  өнері  студиясының
            түлегі, еліміздегі би жанры корифейлерінің бірі Д.Қияқованың шәкірті Қорлан Мұқатова көп
            жыл  еңбек  етті.  Ансамбльдің  бағдарламасын  жасап,  билерін  қоюға  белгілі  балетмейстер,
            Қазақстан  Жастар  одағы  сыйлығының  лауреаты,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері
            Ментай Тілеубаев көп көмек көрсетті. Ансамбльдің репертуарында әлем халықтарының билері
            бар.  Оның  биік  орындаушылық  шеберлігі,  репертуар  байлығы  Халықаралық  «Шабыт»
            фестивалінде  жоғары  бағаланып,  оған  лауреат  атағы  берілді.  Ансамбль  Германия,  Оңтүстік
            Корея, Ирак, Швейцария, Франция, Түрік, Швеция елдерінде зор табыспен өнер көрсетті.
                  5. «Әуен» ансамблі 1995 жылы құрылған. Құрылуына арқау болған Қазақ ССР-ның еңбек
            сіңірген мәдениет қызметкері Мақат Рымжанов. Оркестр құрамында 13 адам.
                  6. «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі 2004 жылы құрылған. Оркестр құрамында 20 адам.
                  Оның  репертуарында  негізінен  көп  орындала  бермейтін  халық  әндері  мен  күйлері,
            жергілікті  композиторлардың  әндері  бар.  Ансамбль  Германия,  Туркия,  Франция,  Кувейт
            елдерінің  көрерменін  таңқалдырып,  таңдай  қаққызған  өнер  ұжымы.  Ансамбль  2012  жылдың
            ақпан айында «Түріксой» халықаралық мәдениет ұйымының қолдауымен Оман сұлтандығына
            барып қайтты.
                  Ансамбль  құрамында  Республикалық  байқаулардың  лауреаттары  Е.Базарбеков,  Г.Тапай,
            Б.Смағұлов, Г.Капен, Р.Шабденов сынды өнерпаздар өнер көрсетуде. Ансмабльдің директоры
            З.Шарипова  мен  көркемдік  жетекшісі  Ә.Шоқанбаев  ұжымның  шеберлігін  шыңдауға
            атсалысуда.
                  7. «Арай» ансамблі 2011 жылы ақпан айында құрылған. Оркестр құрамында 14 адам.
                  Оның  құрамына  Қ.Байжанов  атындағы  концерттік  бірлестіктің  жас  вокалистері  және
            Қазақстанға  белгілі  мынандай  әншілер:  Г.Серикова,  М,  Башай,  Д.Аркенов  сынды  өнерпаздар
            кірді.  Ансамбль  қазақ  халық  әндерін,  эстрадалық  әндерді,  ансамбльдік  әндерді  де  нақышына
            келтіріп орындайды.
                  8. «Джаз» оркестрі 1994 жылы құрылған Оркестр құрамында 25 адам.
                  Аз уақыт ішінде ол Ресейде өткен фестивальдің лауреаты атанып, джаз жанкүйерлерінің
            алдында  абыройға  бөленді.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  артисі  Д.Қайроллинмен,  күйсандық
            майталманы  А.Пронинмен  өткізген  концерттерінде  табысқа  жеткен  А.Севастьянов  пен  бас
            дирижері И.Андрейченконың өнері оркестрдің беделін арттыра түскен. Бүгінде оркестрдің өз
            көрермені бар. Оның репертуарында қазақ композиторларының шығармалары, шетелдік джаз
            туындылары орын алған.
                  Бірлестік балансында 2 ғимарат бар Цирк және «Шалқыма» концерт залы.
                  Қарағанды  циркі  тұңғыш  рет  1983  жылғы  14  ақпанда  көрермендер  алдында  өнер
            көрсетті. Архитектуралық айрықша ғимарат ретінде Қарағанды цирк үйі СССР ХШЖК күміс
            медалін жеңіп алған болатын, бұл жоба сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия республикалары
            архитекторларының бірінші аймақтық байқауында да марапатқа ие болды.
                  Қарағанды  циркінің  алғашқы  сызбалары  1976  жылы  сызыла  бастады.  Цирк  үйінің
            кескіндемесін  сыза  отырып,  құрылысы  да  қатар  басталып  кетті.  Барлық  жұмыс  Қарағанды
            облыстық атқару комитеті төрағасы орынбасары Язевтің басшылығымен жүзеге асырылды.
                  Архитектор  А.  Бойко  бастаған  авторлық  ұжымның  мақсаты  цирк  ғимаратын  қалай  да
            ерекше  етіп  тұрғызу  болатын.  Цирктің  орналасқан  жері  Бұхар-жырау  даңығылымен
            салыстырғанда  ойпаңдау  болғандықтан,  ғимараттың  тек  шатыры  көрініп  тұратын  болды.
            Құрылыс басталар алдында Язев фундаменттің астына құм төгуге рұхсат етпеді, содан барып
            ғимаратты куполы арқылы биіктету идеясы туды. Сөйтіп цирк ғимаратының ерекше тұрпаты -
            приамидамен безендіріліп, сары металдан жасалған стакан-барабан пайда болды. Барабанға –
            жарқ-жұрқ  еткен  жарнама  орналастырлып,  ұзақ  жылдар  бойы  алыстан  мен  мұндалдап,
            көрерменді шақырып тұрды. 2004 жылы 29 тамызда ғимарат шатырына «шардағы қыздар» атты
            4 метрлік скульптура орнатылды.
                  Жоба  «Союзгосциркте»  қорғалған  болатын.  Макетті  кездейсоқ  көріп  қалған  Юрий
            Никулинге  газды-жарық  жарнама  идеясы  қатты  ұнап,  жарнаманы  «цирк  оттары»  деп  атауға



                                                             22
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27