Page 16 - 2023_kzd
P. 16
даму бағдарламасы бойынша құрылған «Казтерм» заводы бар. Нұрқазған тау-кен байыту
комбинаты, «Қазақмыс» корпорациясының Қушоқы көмір кеніші, облыстағы ең ірі «Ақнар
ПФ» құс фабрикаларының бірі – «Кузнецкий» және Күмісқұдық көмір кеніштері орналасқан. 67
елді мекен байланыс жүйесімен, автожолдармен қамтылған. Мұнда 43 мектеп, 38 кітапхана, 35
клуб, 1653 шаруа қожалық, мәдениет орындары және дәрігерлік көмек көрсететін мекемелер
жұмыс істейді.
Осы орайда Тельман ауданы 1930 жылға дейін Қарағанды ауданы деп аталғанын және
Қазақстандағы осындай аудан атауына ие болған 15 әкімшілік бөліністердің бірі болған.
Алғашқыда аудан орталығы Көкөзек кентіне орналасқан еді, екі жылдан кейін ол Үлкен
Михайловка селосына (қазіргі облыс орталығының бір бөлігі) көшіріліп, 1931 жылдың
наурызында Қарағанды поселкелік кеңесі ұйымдастырылуына байланысты Спасск (кейінгі
Токаревка кенті) селосына ауыстырылды.
1901 жылы Ботақара учаскесі атанған жер 1905 жылы Ақмоланың генерал-губернаторы
Санниковтың, 1920 жылы «Қызыл көсемдердің» бірі Л.Троцкийдің атын алып, ұжымдастыру
тұсында Возрождение, одан соң Колхозное, ең аяғында Ульянов болды, 2001 жылы 5 шілдеден
облыстық Мәслихаттың 12 сессиясының шешімімен Ботақара деп қайта аталды. Ботақара
кентіне айналған аудан орталығы 2001 жылы 4 тамызда өзінің 100 жылдық мерейтойын атап
өтті.
Әкімшілік-аумақтық бөліністің терістік шығысы Семізбұғы, Қызылтау, Далба тауларымен
көмкерілген. Осы жоталарға жақын жерде ашылғанына 30 жылдан асып бара жатқан Белағаш
зоологиялық қорығы бар.
Мұнда көненің ескі көздері, тарихи орындар жетерлік. Бір Бұқар жырауды айтпаған
күннің өзінде, осы өлкеде Доскей Әлімбаев, Көшен Елеуов, Ғабиден Мұстафин, Қабыл
Боранбаев, қазақтың тұңғыш ғалым-агрономы Қылыш Бабаев, Кеңес Одағының Батырлары
Иван Корнеев, Прокофий Корниенко, Социалистік Еңбек Ерлері Надежда Павловна Дулина,
Алексей Андреевич Любименко, Екатерина Федровна Терешенко, Халық қаһарманы Александр
Федрович Христенко дүниеге келіп, үлкен өмірге қанат қаққан.
Содай-ақ мәдениеттің тіркелген 28 ескерткіші бар, ауданда 58 мәдениет объектісі жұмыс
істейді.
Аудан жерінен Қарағанды-Астана, Қарағанды-Кереку, Қарағанды-Баянауыл, Қарағанды-
Қарқаралы автобандарымен қатар теміржол тармақтарының өтуі тұрғындардың қарым-
қатынасына, жүріп тұруына септігін тигізеді.
Аудан әкімдері:
Райымбеков Марат Темирович (1996 - 1997 Ульянов ауданы)
Зейнешев Тлеубек Ережепович (1999 - ?)
Нашаров Еркебулан Ертихалович (2006 - 19 тамыз 2010 ж.)
Мамалинов Шагурашид Калиевич (2010 - 2013)
Кобжанов Нуркен Сайфиддинович (2013 - 06.2017)
Мамалинов Шагурашид Калиевич (06.2017 - 12.04.2021)
Аймаков Сержан Жанабекович ( 26 сәуірден 2021)
www.bukhar-zhirau.kz – Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты сайты
Әдебиеттер:
Алпысбес М. Бұқар жырау ауданының тарихы: монографиялық зерттеу / М. Алпысбес, Т.
Аршабек; Бұқар жырау ауданының әкімшілігі, Аймақтық ғылыми-зерттеу институты. -
Қарағанды: TENGRI LTD, 2012. - 475 б.
Аршабеков Т. Т. Шешенқара аулым - алтын бесігім: [ғылыми зерттеу] / Т. Т. Аршабеков,
С. Т. Ускенбаев, Ж. А. Бурашева. - Қарағанды: [б. ж.], 2020. - 190 б.
Бұқар жырау ауданы //Қарағанды. Қарағанды облысы: Энцклопедия.- Алматы: Атамұра,
2006. – 197 бет.
Бұқаржырау ауданы: мыңжылдықтар көрінісі = Бухаржырауский район: панорама
тысячелетий / ред. Е. Е. Нашаров. - М.: Профинжиниринг, 2008. - 204 б.
Варфоломеев В. В. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы:
[ғылыми еңбек] / В. В. Варфоломеев, Т. С. Тулеуов, А. И. Кукушкин; Қарағанды облысының
16