Page 18 - 2023_kzd
P. 18

19  ақпан  1923  -  Қазақстанның  еңбегі  сіңірген
                                                          архитекторы  Эдуард  Георгиевич  Меликовтың
                                                          туғанына 100 жыл
                  Э.Г.  Меликов  1923  жылы  19  ақпанда  Кисловодскіде  дүниеге  келген.  Бакудегі  орта
            мектепті  бітірді.  Тбилиси  артиллериялық  училищесінде  лейтенант  шенін  алды.  Екінші
            Дүниежүзілік  соғыста  барлаушы  болды.  Соғыста  жараланып,  1946  жылы  еліне  қайтады.
            Ерліктері үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
                  1951 жылы Әзірбайжан политехникалық  институтының сәулет факультетін бітірген соң
            жолдамамен  Қарағанды  қаласына  жіберіледі.  1988  жылға  дейін  Қарағанды  облыстық  сәулет
            бөлімінде жұмыс істейді. Ол отыз үш жыл облыстық сәулетсаласының бастығы болды.
                  1989  жылдан  1998  жылға  дейін  Ярославльде  тұрды.  Сол  жақта  техникумда  жаңадан
            ашылған сәулет бөлімінде сабақ береді.
                  1963 жылдан Қарағанды политехникалық институтында сәулет мамандығы бойынша дәріс
            береді. 1972 жылы кандидаттық диссертация қорғап, профессор лауазымына ие болды.
                  Э.Г. Меликов Жиырма жыл бойы КСРО сәулетшілер одағы басқармасының мүшесі болып
            сайланды,  Қазақстанның  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген
            сәулетшісі,  «Ресейдің  құрметті  құрылысшысы»,  көптеген  ордендер,  грамоталармен
            марапатталған.
                  1998 жылы Ярославльден Израильге тұрақты тұруға көшті. Израильдің Арада қаласында
            ИПИ оқу орталығында сурет салудан сабақ берді. Израйль Суретшілер Одағының мүшесі.
                  Ол  2006  жылы  ашылған  екінші  дүниежүзілік  соғыс  жауынгерлерін  еске  алуға  арналған
            ескерткіш жобасының авторы.
                                                       Әдебиеттер:
                  Меликов  Эдуард  Георгиевич  //  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия]  :  энциклопедиясы.  -
            Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998 - 2007. - 6 т. : Қ-Н / ред. Б. Ғ. Аяған. -  2004. - 447 б.

                                                          26  ақпан  1943-2013  –  Суретші  Мыңғыш
                                                          Мәуленұлы Әбілқасовтың туғанына 80 жыл
                  Арқа  елінен  шыққан  дарынды  суретші  Мыңғыш  Мәуленұлы  Әбілқасов  1943  жылы  26
            ақпанда  Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа  ауданында  дүниеге  келді.  17  жасында  Алматы
            көркемсурет училищесіне түсіп, оны тәмамдаған соң Қарағандыда жолын бастады. Н.В.Гоголь
            атындағы  көркемсурет  училищесінде  оқып  жүрген  кезінде  суретші  бүкіл  әлемге  танымал
            кескіндемеші  суретшілерден  дәріс  алып,  басқан  қадамы  сәтті  болды.  Бірінші  курста  қазақ
            халқының тұңғыш суретші қызы Айша Ғарипқызы Ғалымбаева сабақ беруден бастаса, одан әрі
            Әубәкір  Ысмайылов,  Молдахмет  Кенбаев,  Алексей  Ильич  Бортников  сынды  Одақ  пен
            Республика  көлеміне  аттары  танымал  суретшілерден  тәлім-тәрбие  алды.  М.  Әбілқасов  1970
            жылы Суретшілер одағына мүше болып қабылданады. Одан соң ерен еңбегі үшін 1990 жылы
            «Қазақ  КСР-інің  Еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері»  атағын  алды.  Көптеген  аймақтық,
            республикалық,  облыстық,  халықаралық  көрмеге  қатысқан  қылқалам  шебері.  Ол  -  тек
            Қазақстанға  ғана  емес,  алыс-жақын  шетелдерге  танымал  суретші.  1994  жылдан  2009  жылға
            дейінгі  аралықта  Қарағанды  облыстық  бейнелеу  өнері  мұражайының  директоры  қызметін  16
            жыл атқарды.
                  Суретшінің  еңбектері  көрген  жанның  жүрек  қылын  шертіп,  ерекше  сезімге  бөлейді.
            Композициялық  құрылымның  бір  қалыпты  ырғағы,  көз  тартатын  кеңістік  тереңдігі  өмірдің
            жалғасын,  мәңгілік  тіршілігін  байқатады.  Кенепке  майлы  бояумен  жазылған  «Сарыарқа»  деп
            аталатын  жұмысында  тамаша  табиғат  көрінісі  Сарыарқаның  сахарасы,  кең  даласы,  тау
            бөктерлері  бейнеленген.  Табиғат  құбылыстарын  бейнелеуде  суретші  табиғаттың  таңғажайып
            сұлулығын  ерекше  бейнелейді.  Аспан  кеңістігінде,  айналаның  түлеуі  мен  құлпыруын
            бейнелеуде ыстық ықылас ниетін айқын аңғарамыз.
                  Суретшінің көптеген туындысы Қазақстанның Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент т.б.
            бірсыпыра  қаласында  және  Мәскеуде,  сондай-ақ  алыс  шетелдерде  жеке  жинақтаушылардың



                                                             18
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23