Page 23 - 2023_kzd
P. 23
болады деп қуанған еді. Өкінішке қарай Қарағанды циркі салынып біткенше цирк патшасы
манежге шығуын тоқтатып, өзі жоспарлағандй Қарағандыға келе алмай қалды.
Қабырғаларына венециан өрнектері салынып, фокус көрсетушілерге арналған шахта
люктері әкелініп, акробаттар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мықты арқан-тростар тартылған
күрделі жөндеуден кейін цирк ғимараты Қазақстандағы ең үздік црик үйіне айналды.
Конструкцияның конфигурациясын өзгерту арқылы көрермен залы 160 орынға ұлғайтылды.
Арена бесқабатты качукпен жабылды.
2009 жылы цирк алдындағы фонтанды алаң қайта жаңғыртылып, түрлі скульптуралар
қойылды.
1939 жылы салынған «Шалқыма» концерт залы (бұрынғы «Октябрь» кинотеатры)
жергілікті деңгейдегі мәдениет пен тарих ескерткіші болып табылады. Оның жобасын
архитекторлар Калмыков и Ритт орындады.
Тура осы жерде 1942 жылы сәуір айында майданға аттанар алдында 29 дивизияның 77-ші
артиллерия полкінің қала еңбеккерлерімен қоштасу митингісі өткізілген, «Шалқыманың»
тарихи маңызы міне осында жатыр. Архитектура ескерткіші болатын бұл ғимарат қала
орталығының ансамбліне өзіндік көрік қосып тұр.
«Шалқыма» концерт залының тағы бір артықшылығы - ол оның таңғажайып акустикасы.
Осы сахнада ән шырқаған артистердің барлығы да концерт залының акустикасына тәнті
болады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары зал толы көрерменге концерт берген әйгілі скрипкашы
Юрий Башметтің сөзін келтірсек болады. Ол соның алдында ғана Англияда өткен
скрипкашылар конкурсынан оралған екен. «Шалқымадағы» концерттен кейін Башмет үлкен
толғаныспен: «Ондай конкурстарды осында, мына ғажайыа залда өткізу керек қой», - деп атап
өткен.
2008 жылы 9 желтоқсанда концерт залының қарсы алдындағы скверде Тұңғыш Президент
Н. Ә. Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына қойылған ескерткішті ашты.
Скульптор Асқаровтың (Астана қаласы) қиялынан туып, қолынан шыққан ескерткіш биік
постамент-қорғанға орнатылған.
«Шалқыма» концерт залының сыйымдылығы - 414 орынға шақталған.
Атақты әншінің атындағы концерттік бірлестік облыстағы мәдени шараларды өткізуге
үздіксіз атсалысып келеді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі Халықаралық «Әуенді Сарыарқа»
фестивалі кезінде, сондай-ақ шетелдік сапарларда бірлестіктің шығармашылық ұжымдары,
домбыраның қос шегіне үн қосқан тамаша әншілері облысымызды, елімізді өрелі өнерімен
әлемге танытып жүр.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік // http:karkultura.kz
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік // http://www.karfil.kz/kk/
Әдебиеттер:
Ақсәуле: жинақ: Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған әндер жинағы / Қарағанды
облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қали Байжанов атындағы
концерттік бірлестік; дизайнер А. Мырзахмет. - Қарағанды: Мағжан, 2021. - 143 б.
Әуенді Сарыарқа = Музыкальная Сарыарка = Musical Sary-Arka : XV халықаралық
фестивалі / Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының мәдениет басқармасы, Қали
Байжанов атындағы концерттік бірлестік; ред. А. Жакупов. - Қарағанды: [б. ж.], 2013. - 38 б.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік = Концертное объединение имени Кали
Байжанова = The Concert Association named after Kali Baizhanov / ред. Т. Бейсембек. -
Қарағанды: Экожан, 2008. - 152 б.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік = Концертное объединение имени Кали
Байжанова = The concert association named after Kali Baizhanov: [альбом] / ред., қазақша және
орысша мәтінін жазған, ауд. М. Нұртөлеуова ; орысша мәтінін жазған Л. Гольская; қазақ және
ағылшын тілдеріне ауд.: С. Батырхан, Л. Пропищан. - Қарағанды: Экожан, 2018. - 244 б.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік = Концертное объединение имени Кали
Байжанова = The concert fssociation named after Kali Baizhanov / Қарағанды облыстық мәдениет
басқармасы. - Қарағанды: [б. и.], 2013. - 236 б.
23