Page 15 - 2023_kzd
P. 15
Омарбекова Рымбала Кенжебалиевна // Аршабеков Т. Т. Қазыналы Қарағанды; Қарағанды
қаласының әкімдігі. Арт площадка қоғамдық қоры. - Қарағанды: Гласир, 2019. – 221-222 б.
Рымбала Омарбекова: [жинақ] / құраст. К. Жұмабеков [және т. б.]. - Алматы: Үш Қиян,
2019. - 175 б.
Сығай Ә. Өнердің Ұлпаны / Театр тағылымы. - Алматы: «Парасат» журналы, 2003.- 210-
212 б.
Тауда гүлдеген еңлікгүл: Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің
иегері Рымбала Омарбекованың мерейтойына арналады / құраст.: К. Жұмабеков, Г. Фарина;
ред. Р. Нұрша. - Қарағанды: [б. ж.], 2013. - 112 б.
Тойбек Ж. Айналайын // Арқаның ару қыздары: портреттер кітабы. - Алматы: ҚазАқпарат,
2009. – 42-49 б.
***
Асан М. Айбатты ердей қайраткер // Орталық Қазақстан. - 2016. - 30 тамыз. - 1 б.
Белгібайұлы Ә. Мерейлі жыл межеленді // Орталық Қазақстан. - 2020.- 12 желтоқсан. - 2 б.
Еңбегін ел елеген // Орталық Қазақстан. - 1998. – 16 желтоқсан
Әбілова С. Туған елдің пейілі // Орталық Қазақстан. - 2018. - 20 наурыз (№ 32). - 2 б.
Әлиман Ж. Еңбектері есімін елеулі еткен // Орталық Қазақстан. - 2017. - 2 ақпан. - 8 б.
Жұмабеков К. Тауда гүлдеген еңілікгүл // Орталық Қазақстан. - 2013. - 2 ақпан. - 6 б.
Жұмабеков К. Н. Шыңдағы шынар // Орталық Қазақстан. - 2018. - 10 ақпан (№ 17). - 3 б.
Жұмағали С. Торқалы тоқсанымен құттықтады // Орт.Қазақстан. - 2006. - 16 наурыз.- 11 б.
Құттыбай М. Ардақты апай // Орталық Қазақстан. - 2018. - 10 ақпан (№ 17). - 3 б.
Мұсабеков Е. Кестелі орамалдай келісті еңбек // Орталық Қазақстан. - 2019.-19 ақпан.- 6 б.
Омарбекұлы М. Қарқаралының қызғыш құсы // Орт.Қазақстан. - 2013. - 5 наурыз. - 6 б.
Сұлтанов Қ. Қарқаралы қарлығашы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 ақпан (№ 62). - 8 б;
Орталық Қазақстан. - 2013. - 9 ақпан (№20/22) . - 14 б.
Сығай Ә. Мәдениетіміздің майталман ұйымдастырушысы // Орталық Қазақстан. - 2003. - 8
ақпан.- 9 б.; Сыр мен сымбат. - Қарағанды, 2003; №2.- 14 б.
14 ақпан 1938 – Бұқар жырау ауданының
құрылғанына 85 жыл
Жер аумағы - 14,6 мың шаршы метр
Халық саны - 55813 (2022 ж. мамыр)
Аудан әкімі Аймаков Сержан Жанабекұлы
Бұқар жырау ауданы - Қарағанды облысының солтүстік шығысындағы әкімшілік бірлік.
Аудан 1938 жылы құрылды. Аумағы 14,6 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Ботақара
кенті.
1901 жылы Таврия губерниясынан қоныс аударушылар Ботақара деп аталатын елді
мекеннің негізін салды. Бұдан кейін оның атауы бірнеше рет өзгерді, ал елді мекен өсіп,
«Колхозное» селосына, сосын «Ульянов» қала типтес кентіне айналды. Колхозное селосы мен
Ульянов кенті аудан орталығы болды. Ауданның аумағы 10,8 мың шаршы км құрады. Оның
жер қойнауы тас және қоңыр көмір, құрылыс материалдары кендеріне бай. Жер қыртысы
қызғылт, сортаңдау. Аймақты селеу, жусан, қараған, итмұрын өседі.
Ауданның аумағымен Нұра, Ащысу, Байбура, Соқыр өзендері ағып өтеді. Ботақара,
Батпақкөл, Рудничное сияқты ұсақ көлдері де бар.
ҚР Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 «Алматы, Батыс Қазақстан.
Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аймақтық құрылымындағы
өзгерістер туралы» Жарлығымен 1938 жылы құрылған Ульянов және 1928 жылы құрылған
Тельман аудандарының бірігуі негізінде Бұқар жырау ауданы құрылды. Ауданда 67 елді мекен 3
кенттік әкімдігі мен 26 ауылдық округтерге біріктірілген.
Ауданда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, оннан астам азық түрлері шығарылады,
шағын кәсіпкерлік пен өндіріс орындарының қатары өсуде. Индустриалдық-инновационалдық
15