Page 21 - 2023_kzd
P. 21
көркемдік жетекшісі, Қазақ ССР-нін халық әртісі, Саратов консерваториясының түлегі Б.А.
Орлов көп еңбек сіңірді. Одан кейін бірлестіктін директоры Қазақстанның еңбек сіңірген
мәдениет қайраткері З.К. Мейрамбеков болды. Қазіргі таңда Қ.Байжанов атындағы концерттік
бірлестігінің бас директор қызметін Талғат Нүсіпұлы Ыдырысов атқаруда.
Бірлестік құрамында қазіргі таңда мынандай шығармашылық ұжымдар бар:
1. Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі 1988 жылы 25
адамнан тұратын қазақ халық аспаптары оркестрі бас дирижері Дүйсен Үкібайдың
басшылығымен шаңырақ көтерді. Екі жылдан соң оркестрге шертпе күйдің атасы, ұлы күйші
Тәттімбеттің есімі берілді. 1991-1994 жылдары бас дирижері Қ.Сайжанов болды. Ол оркестрдің
шығармашылық деңгейінің және орындаушылық шеберлігінің өсуіне өз үлесін қосты.
Оркестрдің алғашқы концерті 1988 жылы 9-шы желтоқсанда КСРО халық артистері Бибігүл
Төлегенова, Ермек Серкебаевтің және Шамғон Қажығалиевтің қатысуымен «Октябрь» концерт
залында қазіргі «Шалқыма» КЗ өтті. Оркестрдің тұңғыш тұсауын кескен КСРО халық артисі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев болды. 1992
жылы ол оркестрді басқаруға шақырылды. Маэстро аймақтың фольклорлық материалдарынан,
қазақ, орыс және шетел классиктері мен ТМД және әлем елдері композиторларының
шығармаларынан құрылған ерекше репертуар жасайтын жұмыс тұжырымдамасымен келді.
Ш.Қажығалиев сияқты тәжірибелі ұстазбен бірге жұмыс істеу дирижерлар Д.Үкібай мен
Ә.Шоқанбаевтың шығармашылық өсуіне ерекше ықпал етті. 2000-шы жылдың қыркүйек
айында оркестрге Академиялық атағы берілді. Оркестрдің сол кездегі бас дирижері Д.Үкібай
2001 жылы Бірінші Республикалық Ш.Қажығалиев атындағы дирижерлар конкурсында лауреат
атанды. 2006 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды. 2008-ші жылдан
оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Ерлан Бақтыгерей болды.
Оркестр АҚШ, Франция, Швейцария, Швеция, Чехия мен Словакия, Иран, Ирак, Түрік,
Ресей, Оңтүстік Корея, Германия т.б. елдерде гастрольдік сапарда болып, өнер көрсетті Бүгінгі
таңда оркестр құрамында 86 адам.
2. «Мерей» ансамблі. Ол 1956 жылы ашылған «Музыкалық лекторий» негізінде «Мерей»
вокалды-аспапты ансамблі құрылды. Лекторийдің алғашқы бағдарламасы орыс композиторы
Михаил Иванович Глинка жайлы болса, одан кейін Қазақстан композиторларына, шетел
классиктеріне, әр ұлттар музыкасына арналды. Оркестр құрамында 13 адам.
60-шы жылдары аймақаралық конкурстардың лауреаты, пианист Руслана Штеренберг ҚР
еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Қасейіновпен бірге ұзақ жылдар бойы концерттер беріп,
классикалық фортепиано әуендерінің озық үлгілерін насихаттады.
Осы жылдар ішінде ұжымның құрамы бірнеше мәрте өзгерді. Шекті квартет, камера
оркестрі болды.
3. Симфониялық оркестр 1983 жылы құрылды. Оркестр күрделі музыканы ойнауға
шеберлігі жететін еңселі, кәсіби музыканттар шоғырланған ұжым. Оркестрдің алғашқы
дирижері Қазақстанның халық артисі Төлепберген Әбдірашев болды. Кейін оркестрдің
қалыптасып, өсуіне дирижерлар Н.Клинов, В.Норец, С.Ферулев, П.Грибанов, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері Қ.Ахметов көп еңбек сіңірді. Оркестрдің концерттеріне белгілі өнер
шеберлері Ж.Әубәкірова, А.Мұсақожаева, Г.Мырзабекова, Ж.Бақтаева, Қ.Жұмакенов,
Ж.Баспақова, т.б. шақырылды.
Қазақстан композиторларының Е.Рахмадиев,, Т.Кажгалиев, А.Серкебаев,
М.Сагатов,Г.Жұбановтың шұрайлы шығармаларын жоғары талғаммен жұртшылық назарына
ұсынып, қалың көрерменге рухани азық сыйлауда. Оркестр ұжымы ұсынатын бағдарламалары
әр түрлі. Жас тыңдаушыларға және студенттерге абонемент бойынша опера орындалатын
концерттер, Қазақстан композиторларының авторлық концерттері аттарымен тыңдаушыларына
ұсынылып жүр. Оркестрмен музыка өнерінің мынадай атақты майталмандары Ж.Аубакирова,
А.Мусаходжаева, Г.Мырзабекова, М.Бисенғалиев, Л.Власенко, В.Пикайзе бірлесіп өнер
көрсетті. Бүгінгі таңда оркестрдің құрамында 112 адам.
4. «Аққу» фольклорлық би ансамблі 1993 жылы ұлттық би өнерін насихаттау
мақсатымен құрылған. Құрамында 21 адам.
21