XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Осыған орай кітапханамыздың оқу залы бөлімінде 24 қаңтар күні "Қазақстанның спорттағы жетістіктері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылыды.
Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылыды. Алайда, "Универсиада" деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бері Универсиада халықаралық бұқаралық спорт және мәдениет саласындағы басты оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.
Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Алдағы жарыстарға дүниежүзіндегі 60 мемлекеттен 2200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.
Универсиада барысында Қазақстанда спорттың 12 түрі бойынша 86 медаль сарапқа салынады. Қазақстанның студенттік құрамасының он екі универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 44 жүлде салған. Осындай еліміздің спорттағы жеткен жетістіктерін таныстыру мақсатымен кітап көрмесін ұсынып отырмыз.
Көрмеге Қазақстанның спорт тарихынан сыр шертетін энциклопедиялар мен спорттың әр түріне арналған кітаптар қойылған. Соның ішінде, "Қазақ олимпиядашылары" деген 2 томдық кітапта, Олимпияда ойындарында ел намысын қорғап, туымызды биік көтергенқазақ саңлақтары туралы деректі материалдар енгізілген. Болашақта бұл кітап жалғасын тауып, спортсүйер қауымға ұсынылмақ.
Қазақтың ұлттық спорт ойындары мен әлемдік ойындардың түрлері туралы "Әлемдік және ұлттық спорт ойындары" атты жинақтан оқи аласыздар. Бұл жинақта Әлем және Қазақстанда спорттың әр түрінен өткен чемпионаттардың жеңімпаздары тізіміберілген.
"Қазақстанның спорттық және олимпиядалық даңқы" атты фотоальбомда еліміздің атын асқақтатқан, әлем және олимпияда ойындарыны жүлдегерлерінің сайыс алаңындағы суреттері берілген. Және әр суреттің үш тілде анықтамалығы бар.
Сонымен қатар, көрмеге мерзімді басылымдар бетінде жарияланған Қазақстанның спорт саласындағы хал-жағдай туралы соңғы басылымдар қойылған.
Құрметті оқырмандар, еліміздің спорт саласында алар орыны, жетістіктері, әйгілі спортшылары туралы оқып-білуге қызығушылық танытсаңыздар, кітапханаға келіңіздер!