Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасын бастайды!
Жоба аясында облыстық кітапханалардың кітапханашылары өңірдің 7 ауданының 21 ауылдық кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетеді!
Облыстық кітапханалар әр ауылдық кітапханаға тәжірибе алмасу арқылы кітапханаларды оқырмандар үшін тиімді әрі заманауи ақпараттық орталықтарға айналдыруға бағыттайды.
Жоба ауылдық кітапханалардың жұмысының алға басуына және дамуына үлкен үлес қосады!
Жоба аясында:
- 17-18 сәуір – Абай ауданының Топар кент кітапханасы және Құрма, Агрогородок ауылдық кітапханалары;
- 5-6 мамыр – Шет ауданының Нұраталды, Бұрма, Тағылы ауылдық кітапханалары;
- 12-13 мамыр – Осакаровка ауданының Озерное, Қарағайлы, Мирное ауылдық кітапханалары;
- 26-27 мамыр – Қарқаралы ауданының Қарағайлы, Нұркен, Көктас ауылдық кітапханалары;
- 9-10 маусым – Нұра ауданының Қарой, Шахтер, Қайнар ауылдық кітапханалары;
- 16-17 маусым – Бұқар-Жырау ауданының Жаңаталап, Ростовка Центральный ауылдық кітапханалары;
- 23-24 маусым – Ақтоғай ауданының Сарытерек, Шашубай кент кітапханасы және Жидебай ауыл кітапханасы.