2025 жылдың 1 наурызы мен 30 мамыр аралығында Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханасында «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасы аясында «Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясын жариялайды.
Акцияның мақсаты: шалғай ауылдардағы кітапханалар қорын толықтыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Бүгінде кітапханашылар өз кітаптарын сыйға тартатын оқырмандарға шын жүректен «алғыс» білдіреді. Кітапты сыйға тарту - бұл оған жаңа өмір беру және жаңа оқырмандарға ұсыну.
Күш-жігерімізді біріктіре отырып, кітапхана қорын қажетті жақсы кітаптармен толықтырайық.
Сүйіспеншілікпен кітаптарды сыйлаңыз!
«Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясына қатысуға ниет білдіргендердің барлығын Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 мекен-жайы бойынша күтеміз.
Телефон: 8 (7212) 56-77-55