Page 29 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 29
ЖАЛАУ ЖАНЫНДА АЙТЫЛҒАН ӘН 2
Менің 16—17 жастағы кезім. 1901 жылдың күзі. Әкем марқұм
шақырып алды да:
— Шырағым, Жақ ан, жасың болса 16—17-ге келіп қалды. Үй-
дегі күн көріс қаракетімізді көріп отырсың, тапқанымыз тамағы-
мызға жетпей отырғанын. Жұ рт мынау іргеміздегі Екібасқа ағы-
лып барып жатыр. Онда жұмыс істеп, ақша тауып жатқан көріне-
ді. Бала-шағалармен шешең ауылд-а отыра тұрсын. Екеуіміз Екі-
басқа барайық, жұмыс істеп ақша табайық, — деді.
— Жарайды, әке! — дедім мен.
Әкеміз екеуіміз Екібастұзға келдік. Келсек біз секілді жұмыс
іздеп келушілер өте көп екен. Тіпті, бала-шағаларымен шүбырып
келушілер де бар екен. Келгендерге бірден жұмыс табыла қойған
жоқ. Жұмысқа түспегендерге үй де бермейді. Тіпті, бұрынғы ор-
нықты жұмысшылардың өздерінің үйлері де жоқ екен. Сондықтан
үйсіз, азықсыз, қорғансыз қалған босқындар күні-түні далада жат-
ты. Жонды алып кетті. Кешкілікте от басында айнала отырысқан-
дар ауыр күрсіне отырып қайғылы әнге салатын еді. Соның нәбір*
жері ғана есімде қалыпты:
«Келдік біз Ерейменнің** даласынан
Қашқанда көп ағайынның жаласынан.
Қамалдық Екібасқа барша халық
Ағылған Ертіс, Баян саласынан.
Жазылар күн болар ма біз сорлыға!
Денеге салған өмір жарасынан».
— О, шіркін дүние десейші! Нені көрмедік. Нені естімедік, Жи-
налған халықты жұмысқа бүгін аламыз, ертең аламыз деп күзгі
суық түскенше қамамасы бар емес пе* Ақырында жұмысқа да қал-
тасында пұлы бар адамдар ғана алынды. Қалғандары қар түсе
бет-бетімен шүбырып кетті. Сондайды да көргеміз.
ҚЫСҚЫ Қ ЫЗЫЛДАРДА 3
Менің жасымды сұрасаң — 78-демін. Көргеніміз көп болғаны-
мен білетініміз аз болар. Қайсы бірі есте қалды дейсің.
«Соқтықпалы-соқпақсыз жерде өстік,
Өмірде азап сапар талай кештік»,—
деп Абай айтқан емес пе?!
Әкеміз кедей болды. Асырауға халі келмеді. Төрт баланың
* Мына бір деген сөз. Айтушының айтылу қалпы сақталынды.
** Екібастұз маңындағы таудың аты.