Page 30 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 30
(Әбеу, Әубәкір, Мақажан, Сыздық) ішіндегі үлкені мен едім. «13-
те отау иесі» — дейді халық. Мен он үш жасымнан бастап осы
Қарағанды кеніне кіре тарттым. Ол кездегі осы өңірдегі халықтың
кәсібі сол еді.
Ең алғаш әкем марқұм мені бұрынғы кәніге кірекештерге тап-
сырып қосты. Көкалабас деген атанымыз болатын, ірі мықты
аяңшыл жануар еді. Нілдіден мыс зауытына көктас тасимыз. Пұ-
дына төрт тиын төлейді. Әлгі менің түйем 70 пұдқа дейін іркілмей
қозғалады. Бірақ сол кезде қолға ұстата салатын ақша жоқ. Қо-
лыңа қағаз береді. Мен төрт рет қатынадым. Қолыма тиген ақша
жоқ. Мен жүрген қостағы біреуге 80 пұдқа дейін тартатын Жазы-
лы* атан деген түйесін жалдаған Бәсентиын** Қалует деген кісі
ақысын алуға келген екен. Елге қайтып бара жатқан сол кісі ар-
қылы әкеме мынадай деп хат жаздым:
«Ия, әке қабыл болғай берген батан.
Сенгені бір үйлі жан Көкала атан
Көк тиын әлі ақыға алғаным жоқ
Білмеймін қожайыннын түрі қатаң»,—
деп. Аяғын ұмытып та қалыппын. Әкеміздің парсыша сауаты бар
еді. Бір қатынасқан кісіден мынадай жауап алдым:
«Қарағым, айналайын, жаным балам,
Азайған несібесі әлсіз бабан.
Сөзіңе «рақымсыз мырза» деген
Күдіксіз ешбір оған мен де нанам.
Қалмаса ешбір жағдай оған сенер,
Ақыңды дүрыс санап бермесе, егер
Өксітпе өміріңді, қарашығым,
Деп отыр анаң-дағы: «қайтып келер».
Жауыздар сорлыларды әсте арбаған,
Бақалшы, саудагерлер жүрт алдаған,
Тәлкесу кіре тартқан бола алмады,
Тілейік күн көрісті бір алладан».
Ақша орнына берген талон бойынша қожайынның лавкасынан
қант, шай сіріңке, дабы*** және шешемнің тапсыруымен ақыреттік
бөз сатып алып ауылға қайттым. Бірақ ол кезде қайда барып күн
көресің. Қайта сол Қарағандыға барып тығылдық.Тағы да кіре
тартумен айналыстым...
Есейе, ысыла келе ұзақ сапарға шығатын болдым. Мыс зауы-
тында қорытылған мысты Қызылжар тартатын болдық. Бірақ қыс-
қы жол қауіпті де болатын еді. Қыс ішінде 150—200-дей түйемен
мыс тартқан керуен қарлы жолдарда талай далаға да түнейтін еді.
Түйемізді шөгергенде астына қорда орнына төсей қоятын садақ
төсенішіміз, үстінде боса да жылы жабуы болатын. Қар үстінде
шөгерілген түйені ықтай бауырына тығыла өзіміз паналаймыз.
Қысқы қызылдарда**** талай түйе ұшып өлсе, талай адамдар үсіп
* Жазылы атан — түйе иесінің қойған аты.
** Бәсентиын — Қарағанды маңындағы ру аты.
*** Вязь — бөз. Қарағанды маңындағы халық «дабы» деп те атайды.
**** Қызыл — үскірік аяз деген ұғымда (бүгін жолға шығып осы қызылда
ұшып өлейін деп пе ең?!).